Айнаш Серғазықызы Бейсенова — техникалық ғылымының докторы (2009), профессор.

Өмірбаяны, еңбек жолы 1972 жылы 24 шілдеде Алматы қаласында туған.

Қазақ политехникалық институтын (1993, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті) бітірген. Осы институтта стажер-зерттеуші, оқытушы (1994—1998), Қазақстан-Ресей халықаралық университетінде (2007 жылдан "Алатау" Қазақстан университеті) оқу бөлімінің бастығы, проректор қызметтерін атқарады.

Ғылыми еңбегі "Теоретические основы расчета перспективных мостовых кранов" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар