ГАЖ күні — геоақпараттық жүйелердің халықаралық күні. Әлемнің 80-нен астам елінде ГАЖ технологияларын жасаушылар мен пайдаланушылар осы күні ашық іс-шаралар өткізеді: геоақпараттық жүйелердің мүмкіндіктерін таныстырады, ашық сабақтар өткізеді, семинарлар мен презентациялар ұйымдастырады. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты — қазіргі географиялық білімді кеңінен тарату және ГАЖ технологиялары туралы кәсіби емес адамдардың танымын арттыру.

ГАЖ күні 1999 жылдан бастап әр жыл сайын қарашаның үшінші аптасының сәрсенбісінде өткізіледі (геоинформатиктер үшін міндетті демалыс күні) және Geography Awareness Week — Географиялық білімдер апталығы кезінде өтеді. Бұл апталықты National Geographic Society ұйымдастырады.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер www.gisday.com www.GeographyAwarenessWeek.org

Санат:Геоақпараттық жүйелер Санат:Мейрамдар