Нияз – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі аласа тау сілемі.

Географиялық орны Қарағанды облысының Осакаров ауданы жерінде. Бірнеше таулардан (Жақсы Нияз, Жаман Нияз, т.б.) тізбектелген сілем оңтүстіктен солтүстікке қарай 55 км-ге созылған, енді жері 10 км-ге жетеді. Абсолюттік биіктігі 833 м.

Жер бедері Нияздың төбесі жайдақ, беткейлері жазық келетін сүйір қырқалар мен белестерден, жондардан тұратын денудациялық ұсақ шоқылық болып табылады. Баурайынан Есіл өзені және Шідерті өзенінің салалары бастау алады.

Геологиялық құрылымы Жоғарғы кембрий мен кембрийдің жыныстарынан түзілген. Олардың бетін төрттік жүйенің делювийлі-пролювийлі шөгінділері жапқан.

Өсімдгі Карбонатты қара топырағында тал, шілік аралас сұлыбас, селеу өседіҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Осакаров ауданы таулары