Гүлнар Кеңесқызы Құрманова — экономика ғылымының докторы.

Өмірбаяны, еңбек жолы 1966 жылы 24 шілдеде Қарағанды облысында туған.

Целиноград ауыл шаруашылығы институтын (1991, қазіргі Қазақ агротехникалық зерттеу университеті) және аспирантурасын (2000) бітірген. 1994-2003 жылдары Қазақ агротехникалық университетінде, 2003 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – жерді және жылжымайтын мүлікті бағалау, жер кадастрын жүргізу, жер қатынастарын реттеу. "Қазақстан Республикасындағы жер қатынастары: теориясы, тәжірибесі және даму жолдары" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 50-ге жуық ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 2 оқу құралының авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Құрманова Гүлнар Кеңесқызы.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Экономика ғылымдарының докторлары