Балым Бірімова (8 наурыз 1923, Табын ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақ АКСР, КСРО — 21 маусым 2003, Бірлік ауылы, Мұғалжар ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақстан) — Қазақ КСР, Ақтөбе облысы, Темір ауданы, КСРО кеңшарлар министрлігінің «Жұрын» қой өсіру кеңшарының аға табыншысы. Социалистік Еңбек Ері (1949). Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының (1951-1955) және 4-шақырылымдарының (1955-1959) депутаты.
Өмірбаяны 1923 жылы Қызылбұлақ ауылының (қазіргі — Байғанин ауданы) маңайында көшпелі отбасында дүниеге келген. 1940 жылдан бастап Темір ауданында (қазіргі — Мұғалжар ауданы) тұрып, Темір ауданындағы «Жұрын» кеңшарында табыншы, содан соң аға табыншы болып жұмыс істеді.
1948 жылы Балым Бірімованың бригадасы 70 биеден 70 құлын өсірді. 1949 жылы 3 желтоқсандағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен оған «1948 жылы мал шаруашылығының жоғары өнімділігіне қол жеткізгені және мемлекетке мал және егін өнімдерін жеткізу жоспарын және барлық мал түрлері бойынша мал шаруашылығын дамытудың мемлекеттік жоспарын орындағаны үшін» Социалистік Еңбек Ері атағы Ленин ордені және «Орақ пен балға» алтын медалімен бірге берілді.
Сол жарлықпен кеңшар директоры Ғабден Өтегенұлы Аязбаев пен аға табыншы Ершуақ Құловқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Бүкілодақтық ХШЖК көрмесіне қатысып, күміс медал жеңіп алды.
Шалқар сайлау округінен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің III және IV шақырылым депутаты болып сайланды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен «Шапағат» медалімен марапатталды.
Марапаттары Социалистік Еңбек Ері Ленин ордені ХШЖК күміс медалі «Шапағат» медалі
Естелік Мұғалжар ауданындағы Бірлік ауылының бір көшесіне Балымның есімі берілгенПошта индексі D28H3T5 (031307).
Әдебиет Ақтөбе: Энциклопедия. — Ақтөбе, 2001. — 748 б.
Дереккөздер
Сілтемелер Бірімова Балым. «Герои страны» сайты. Бірімова Балым Социалистік Еңбек Ері Балым Бірімова
Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:Байғанин ауданында туғандар Санат:Ақтөбе облысында қайтыс болғандар