Хвергельмир (, «қайнап тұрған қазан») — герман-скандинав мифологиясында Нифльхеймдегі су көздерінің бастауы, тоғыз әлемнің бірі — «тұман мен мұз мекені». Осы жерден көптеген өзендер ағып шығады, соның ішінде Эливагар ағындары да бар.
Бұл қайнар көз Иггдрасиль әлемдік ағашының үш тамырының бірінің астында орналасқан. Бұл тамырлар әртүрлі әлемдерге таралады (Мидгард, Асгард және Нифльхейм). Хвергельмир бұлағы Эйктюрнир атты бұғының мүйізінен тамшылайтын сумен толығады. Бұл бұғы Вальхалланың төбесінде тұрып, кейде Иггдрасильмен теңестірілетін Лерад ағашының жапырақтарын жейді.
Иггдрасильдің қалған екі тамырының астында Мимир бұлағы және Урд бұлағы орналасқан.
Хвергельмирде Нидхёгг айдаһары өмір сүреді. Ол әлем ағашының тамырларын кеміріп, оның бұтақтарында тұратын бүркітпен мәңгілік жауласуда. Сонымен қатар бұл жерде көптеген басқа жыландар да мекендейді.
«Гримнир сөздері» шығармасында Хвергельмирден бастау алатын өзендердің тізімі берілген: Сид, Вид, Сёкин, Эйкин, Свёль, Гуннтро, Фьёрм, Фимбультуль, Рейн, Реннанди, Гипуль, Гёпуль, Гёмуль, Гейрвимуль, Тюн, Вин, Тёлль, Хёлль, Град, Гуннтраин, Вина, Вегсвин, Тьоднума, Нют, Нёт, Нённ, Хрённ, Слид, Хрид, Сильг, Ильг, Виль, Ван, Вёнд, Стрёнд, Гьёль, Лейфтр.
Сілтемелер
[http://norroen.info/src/snorra/2ru.html Гюльвидің көрінісі] // Кіші Эдда