А.С. Пушкин атындағы бейнелеу өнерінің мемлекеттік мұражайы () — Мәскеуде орналасқан көлемді мұражай.

Профессор И. В. Цветаевтың бастамасымен 1912 жылы құрылды. Ол осындай орынды құру керек ойымен 1898 жылы II Николаймен бөліседі. Император оған қолдау көрсетеді. Неоклассикалық үлгіде салынған бұл музей басында императордың әкесі III Александр есімімен аталды. Ал Александр Сергеевич Пушкин есімі оған 1937 жылы берілді.

Бүгінгі таңда мұражайда 700 мыңға жуық сурет, графика, мүсін, археологиялық және басқа да нысандар сақталуда. Бұл Ресейде орналасқан Батыс бейнелеу өнерінің ең қомақты жинақтарының бірі. И.В.Цветаев тарихшы әрі археолог болғандықтан, антикалық мүсіндер мен көнекөз жәдігерлердің көшірмелері коллекцияның маңызды бөлігін алып жатыр.

Экспозициялар

Суреттер

Дереккөздер

Санат:Мәскеу мұражайлары Санат:1912 жылы құрылғандар