Мехрибан Ариф қызы Әлиева (; тұрмысқа дейін — Пашаева; 26 тамыз 1964, Баку) — әзербайжандық мемлекет, саяси және қоғам қайраткері, Мехрибан Әлиева — Әзербайжан вице-президенті (2017 жылдан), Хейдар Әлиев қоры президенті.
2005–2017 жылдары Әзербайжан Милли Мәжілісінің III, IV және V шақырылымдарының депутаты болды; «Жаңа Әзербайжан» билеуші партиясының саяси кеңесінің мүшесі және төрағаның бірінші орынбасары.
Әзербайжан гимнастика федерациясының президенті, әзербайжан-француз парламентаралық байланыстар жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі және Әзербайжан мәдениеті достары қорының басшысы; ИСЕСКО (2006), БҰҰ және ИЫҰ-ның ізгі ниет елшісі.
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің жұбайы және бұрынғы президент Хейдар Әлиевтің келіні.
Шығу тегі Пашаевтар әулетіне жатады. Мехрибан Пашаева 1964 жылғы 26 тамызда Баку қаласында зиялы отбасында туған.
Әке жақтан Әкесі жағынан атасы — әзербайжан жазушысы әрі әдебиеттанушы Мир Жалал Пашаев. Иран Әзербайжанындағы Андабиль ауылынан шыққан, бала кезінде әкесімен бірге Гянджаға келген. Кейін Мир Жалал филология ғылымдарының докторы (1947), профессор (1948) атанып, 1969 жылы Әзербайжан КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағына ие болды.
Мехрибан Әлиеваның әкесі — Ариф Пашаев, кеңес дәуірінде Әзербайжан КСР Ғылым академиясының Физика институтының қызметкері болған, физика-математика ғылымдарының докторы. Кейін Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі және Ұлттық авиация академиясының ректоры болды.
Әкесінің ағасы — Хафиз Пашаев. Кеңес дәуірінде Әзербайжан КСР Ғылым академиясының физика институтында қызмет етіп, физика-математика ғылымдарының докторы болған. Кейін 13 жыл бойы Әзербайжанның АҚШ-тағы елшісі қызметін атқарды; қазіргі уақытта Әзербайжан дипломатиялық академиясының ректоры. Оның ұлы Мир Жамал Пашаев Әзербайжан Ұлттық банкі жүйесінде және Еуропа қайта құру және даму банкінде жұмыс істеген, кейін «PAŞA Bank» және «Kapital Bank» банктерінің директорлар кеңесінің төрағасы болған.
Әкесінің тағы бір ағасы — Агил Пашаев «Mariott Abşeron» қонақүйінің директоры болып жұмыс істеген және «Парни из Баку» командасының концерттерін ұйымдастырушылардың бірі болған. Оның ұлы Мир Жалал — «Paşa Həyat Sığorta» сақтандыру компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, «Pasha Holding» құрамына кіреді.
Пашаевтерді Әзербайжанның ең ықпалды отбасы кландарының бірі деп атайды — олардың өкілдері үкімет пен академиялық қоғамда жоғары қызметтер атқарады, Әзербайжан экономикасының энергетика саласына жатпайтын секторында (құрылыс, жылжымайтын мүлік, байланыс, қаржы) ірі бизнеспен байланысы бар.
Ана жақтан Ана жағынан атасы — Насир Имангулиев, Баку қаласында туған, әйгілі әзербайжан журналисті, «Баку» газеті негізін қалаушы және бас редакторы болды. Әйелі Гёвхар Султанзаде Шемаха қаласының аристократиялық отбасынан шыққан.
Мехрибан Әлиеваның анасы — Аида Имангулиева әзербайжандық алғашқы әйел шығыстанушы ғылым докторы атанды. Әзербайжан Шығыстану институтының директоры болып қызмет атқарған, филология ғылымдарының докторы және профессор (1991) ғылыми дәрежелерін алған.
Мехрибан Алиеваның туған әпкесі — Наргиз Пашаева, филология ғылымдарының докторы, профессор, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі, академияның вице-президенті, Әзербайжан Жазушылар одағының мүшесі; М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Баку филиалының ректоры болып табылады.
Өмірбаяны 1975 жылы Мехрибан Әлиева «Сөйлейтін хат» фильмінде Валиде есімді қыздың рөлін ойнады.
1982 жылы Бакудегі №23 орта мектепті алтын медальмен бітірді. Нәтижесінде Н. Нариманов атындағы Әзербайжан мемлекеттік медициналық институтының емдеу-профилактика факультетінде оқыды, кейін И. М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу медициналық институтында білімін жалғастырып, 1988 жылы қызыл дипломмен бітірді.
Оқу кезінде, 1983 жылы Мехрибан Әлиева сол кездегі КОКП ОК саяси бюросы мүшесі және КСРО министрлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Хейдар Әлиевттің ұлы Ильхам Әлиевке тұрмысқа шықты.Свадьба Ильхама Алиева и Мехрибан Алиевой // Aze.az, 26 Август 2014
1988 жылдан 1992 жылға дейін Мәскеудегі Гельмгольц атындағы көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында академик М. М. Краснов жетекшілігімен жұмыс істеді.
2005 жылы Мехрибан Әлиева «Эвтаназия және медицинадағы гуманизм мәселесі» тақырыбында диссертация қорғап, философиялық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесін алды.
2012 жылы Мехрибан Алиева Гарвард медицина мектебінде «Жаңа туған нәрестелердің көз ауруларын емдеуде нанотехнология принциптері» тақырыбында докторлық диссертация қорғап, медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды және әзірлемеге 25 жылдық патент алды. Кейін бұл патент құқығын қайырымдылыққа беріп, нәрестелердің катарактасын тиімді әрі қолжетімді емдеуді таратуға бағыттады.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Бакуде туғандар Санат:Философия ғылымдарының кандидаттары Санат:Хейдар Әлиев ордені иегерлері Санат:Құрмет легионы орденінің офицерлері Санат:Италия Республикасы алдындағы қызметі үшін ордені үлкен крестінің иегерлері Санат:Хилал-е-Пакистан орденінің иегерлері Санат:Достық орденінің (Ресей) иегерлері Санат:Жайнау орденінің иегерлері Санат:Әлиевтар (Әзербайжан) Санат:Әзербайжан вице-президенттері Санат:Әзербайжан бірінші ханымдары Санат:Жаңа Әзербайжан мүшелері Санат:Саясаттағы Әзербайжан әйелдері Санат:Әзербайжан офтальмологтары Санат:Н. Нариманов атындағы Әзербайжан медицина университеті түлектері Санат:Сеченов университеті түлектері Санат:Хейдар Әлиев қоры