Сұлтан Қажы хан (; ; 1470–1519, Көнеүргеніш) — 1518–1519 жылдары Хорезм мемлекетінде (Хиуа хандығында) билік еткен Шыңғыс хан әулетінен шыққан Арабшахтардың екінші өкілі.
Шығу тегі Сұлтан Қажы хан Бейбарыс сұлтанның үлкен ұлы және Өзбек ұлысының билеушісі Жәдігер ханның ұрпағы болған.
Билікке келуі 1518 жылы жаңа әулеттің негізін қалаушы Елбарыс хан қайтыс болғаннан кейін, Уәзір қаласында Сұлтан Қажы хан болып жарияланды. Оның тұсында іс жүзіндегі билік Елбарыс ханның үлкен ұлы — Сұлтанғазының қолында болды. Сұлтанғазы үлкен мұраға иелік етті және ханнан гөрі құдіреттірек болды. Сұлтан Қажы хан ұзақ билік құрған жоқ — небәрі бір жыл ғана тақта отырды.Веселовский Н.И. Очерк историко-географических сведений о Хивинском ханстве от древнейших времен до настоящего. — СПб., 1877. Стр102.
Сұлтан Қажы ханның билігі тұсында Хорезмнің мемлекеттілігі одан әрі нығая түсті.
Қайтыс болуы Сұлтан Қажы хан 1519 жылы дүние салып, Көнеүргеніште хан тағына Әбілек ханның ұлы Хасанқұл хан отырғызылды. Оның жақтастары жоғарғы билікке құқығын Арабшахтар әулетінің басқа үміткерлері арасындағы жасының үлкендігімен негіздеді.
Әдебиет Гулямов Я.Г., История орошения Хорезма с древнейших времен до наших дней. Ташкент. 1957 История Узбекистана. Т.3. Т., 1993. История Узбекистана в источниках. Құрастырушы Б.В. Лунин. Ташкент, 1990 История Хорезма. И.М. Муминовтың редакциясымен. Ташкент, 1976
Дереккөздер
Санат:Хорезм билеушілері