Құттымұрат Жүргенбайұлы Тағаев (29 шілде 1990; Аққұм ауылы, Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық ғалым, агрономия бойынша PhD-доктор, қауымдастырылған профессор. 2026 жылдан М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті Биотехнология және агроинновация ғылыми-зерттеу институтының директоры. 2026 жылдың 28 қыркүйегінде Қазақ аграрлық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.

Өмірбаяны Кіші жүз, Байсары кете, Абақан кете руынан. 2007—2011 жылдар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — Биотехнолог мамандығын бітірді. 2012—2014 жылдар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — Биология бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі. 2015—2018 жылдар Қазақ ұлттық аграрлық университеті — Агрономия бойынша философия докторы.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 8 тамыздағы №1362 бұйрығы негізінде – «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілген.

Мансабы 2009 жылдан 2010 жылға дейін Ғылым комитетінің «М. А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты» ферменттер құрылымы мен реттелуі зертханасының лаборанты. 2011—2016 жылдар «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» оқу агробиозертханасының жетекші маманы. 2016—2020 жыл аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқу агробиозертханасының меңгерушісі.

2020—2021 жылдарда «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» Ғылым, білім және білім тарату департаменті ғылым басқармасының бас менеджері. 2021—2024 жылдары Көкшетау тәжірибелік-өндірістік шаруашылығы басқарма төрағасы. Сол жылдары «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Агротехникалық институты С. Сәдуақасов атындағы «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының сеньор-лекторы.

2024 жылда Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары. 2024—2025 жылдары Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты «Сарыағаш» аймақтық филиалының директоры. 2025 жыл 12 қыркүйектен бастап М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті аграрлық факультеті «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы» кафедрасының доценті.

Ғылыми жұмыстары Quantitative amino acid analysis of seeds from common bean university collection Common Bunt Resistance of Winter Wheat Genotypes Under Artificial Infection. A Comprehensive Review on Enhancing Saline Soil Reclamation Efficiency Through Bacterial Solubilization of Low-Rank Coal. Жасымықтың жергілікті өндірісін нығайту мақсатында биотикалық стресстен қорғау үшін генетикалық жақсарту.

Жеке өмірі Әкесі — Тағай Жүргенбай. Анасы — Шарапат Зәбира. Жұбайы — Медетова Шолпан. Балдары — Жүргенбай Абзал, Жүргенбай Нұрайым, Жүргенбай Медина.

Дереккөздер

Санат:Отырар ауданында туғандар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары Санат:М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті профессорлары