Forbes Kazakhstan () — Қазақстандағы іскерлік журнал және интернет-ресурс (сайт). Ол америкалық Forbes брендінің ресми лицензиялық нұсқасы (70 елде 40-тан астам жергілікті нұсқалары бар). Журнал бизнес, экономика, қаржы, инвестициялар, кәсіпкерлік және қоғамдық-саяси тақырыптарды қамтиды.
Журналдың слоганы — «Капиталист құралы» («The Capitalist Tool»).
Журналдың құрылтайшысы және иесі медиа саласындағы қазақстандық кәсіпкер Арманжан Байтасов (Tan Media Group және United Media Group иелерінің бірі).
Тарихы Forbes Kazakhstan 2011 жылы іске қосылды. Бірінші нөмірі 2011 жылдың қыркүйегінде шықты.
Жоба Forbes Media мен қазақстандық United Media Group (UMG) арасындағы серіктестік негізінде жүзеге асты. Бастапқыда журнал орыс тілінде шықты және бүкіл Қазақстан бойынша таратылды.
Алғашқы бас редакторы — Максим Семеляк (бұрын Tatler Russia және «Ведомости» газетінде жұмыс істеген).
2013 жылы баспаның басшылығына Людмила Тен келді, ол бизнес-модельді қайта құруға үлес қосты.
2015 жылы Арманжан Байтсов Forbes Georgia журналында үлес алып, басты құрылтайшы болды.
2018 жылдың қазанында Арманжан Байтасов ресейлік Forbes Russia журналының басқармасын басқаратын болды.
2019 жылы Forbes Uzbekistan журналын ашуға лицензия алғанын және алдағы уақытта Ташкентте кеңсе ашатынын хабарлады.
2020 жылы журналдың қазақ тіліндегі алғашқы нөмірі жарық көрді, оның алғашқы бас редакторы Бақытжан Бұхарбай болды, ал кейін орнын Әсия Акишева басты.
2024–2025 жылдары редакцияда өзгерістер болды. 2025 жылдың қаңтарында бас редактор қызметіне Рашид Дюсембаев (бұрын 2012–2013 жылдары басқарған) тағайындалды. Кейінірек атқарушы бас редактор — Дамир Серикпаев, редакциялық директор — Татьяна Трубачева болды.
Журналдың бұрынғы редакторы қызметін атқарған және рейтинг жасауды ұйымдастырған Ардақ Бөкееваның айтуынша, Қазақстандағы Forbes рейтингтері жай ғана байлардың тізімі емес, бұл — ел экономикасының қаншалықты олигархияланғанын көрсететін журналистік зерттеу. Журналист алғашқы рейтингтерді жасау кезінде бизнесмендердің ашықтыққа дайын болмағанын, тіпті кейбірі тізімге енбеу үшін азаматтығын ауыстыруға дейін барғанын атап өтті.
Редакция мәліметтерді жинау үшін ресми деривативтерді, аудиторлық есептерді және корпоративтік тізбектерді пайдаланған. Осы жұмыстардың нәтижесінде Тимур Құлыбаевтың «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» (ККС) компаниясына және Алматы әуежайына иелік ететіні дәлелденген.
Журнал және сайт
Журнал Журнал ай сайын шығады (кейде екі айда бір рет). Рейтингтер (Қазақстанның 75 бай бизнесмені, «50 ең ықпалды бизнесмен», «30 до 30» және т.б.); Терең аналитика, сұхбаттар, Forbes Woman, Forbes Life айдарлары; Экономика, технологиялар, инвестициялар туралы мақалалар. 2021 жылы Forbes Kazakhstan «Жылдың үздік журналы» атанды (қазақ тіліндегі нұсқасы үшін).
Forbes.kz Forbes.kz — онлайн-платформа, онда күнделікті жаңалықтар, блогтар, видео (Forbes Talks, Forbes Q&A), подкасттар және рейтингтер жарияланады.
Негізгі рейтингтер Forbes Kazakhstan Қазақстан бизнес-қоғамдастығындағы ең беделді рейтингтерді жасайды. Қазақстандағы үздік 30 шетелдік жекеменшік компания Қазақстанның ең ірі 75 жекеменшік компания Қазақстанның рантьелер рейтингі (ірі жылжымайтын мүлік иелері) Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесмені Қазақстанның 25 ірі сауда интернет-алаңы Қазақстанның ең ықпалды 25 әйелі Қазақстан банктерінің рейтингі «30-ға дейінгі 30» рейтингі (30-дан аспаған табысты жастар) Қазақстанның ең бай 75 бизнесмені Алматы мен Астананың үздік 25 жекеменшік мектебі
Жобалар Forbes Club Forbes Woman Club
Forbes Kazakhstan мен Зейнолла Кәкімжанов дауы 2018 жылы Алматы қаласында Forbes Kazakhstan журналы мен Ratel.kz аналитикалық порталының кеңселерінде құқық қорғау органдары тінту жұмыстарын жүргізіп, бірнеше журналисті ұстады. Арманжан Байтасовтың мәлімдеуінше, топтың бірі кеңседе тінту жүргізсе, екіншісі бас редактордың орынбасары Александр Воротиловты алып кеткен. Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі бұл іс-шаралардың 30 наурызда түскен арызға байланысты екенін түсіндірді. Ресми мәлімет бойынша, «К.» есімді азамат аталған екі интернет-портал қызметкерлерінің үстінен «көрінеу жалған ақпарат таратты» деген айыппен шағым түсірген.
2017 жылдың сәуірінде Алматы соты Forbes Kazakhstan және Ratel.kz журналистерінен бұрынғы Қаржы министрі, кәсіпкер Зейнулла Кәкімжанов пен оның ұлы Илхалид Кәкімжановтың пайдасына шамамен 50 миллион теңге өндіру туралы шешім шығарған болатын. Журналистік зерттеулерде басылымдар Зейнулла Кәкімжановты жемқорлыққа қатысы бар деп айыптаған. Сот Forbes.kz сайтынан 10 мақаланы өшіріп, тағы 9 мақала бойынша терістеме жариялауды, олардың шындыққа жанаспайтынын мойындауды міндеттеді.
Дереккөздер
Санат:Бизнес журналдары Санат:Қазақстан журналдары Санат:Қазақстан сайттары