Данил Голубенко (ник: molodoy) — қазақстандық кәсіби киберспортшы, Counter-Strike 2 ойынының ойыншысы. Ол AWP снайпері ретінде танымал және 2025 жылы әлемдік сахнаға жарқын шыққан жас талант. Қазіргі уақытта бразилиялық FURIA Esports командасында ойнайды. 2025 жылы HLTV бойынша «Жылдың жаңа ойыншысы» атанып, жыл ойыншыларының үздік 20-сындағы 6-орынды алды.

Өмірбаяны Данил Голубенко 2005 жылдың 10 қаңтарында Семей қаласында (Абай облысы, Қазақстан) дүниеге келген. Бала кезінен футбол және карате сияқты спорт түрлерімен айналысқан. Ата-анасы ноутбук сыйлағаннан кейін компьютерлік ойындарға қызыға бастаған. Алғашында CrossFire ойынына әуес болған, кейін Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) ойынына ауысқан. 14-15 жасында оқуға назар аудару үшін ойыннан бірнеше уақыт бас тартқан. Өз сөзінше, IT мамандығы бойынша оқыған, бірақ киберспорт үшін университетті тастап, Астанаға көшкен.

Кәсіби карьерасы FURIA-ға дейін HLTV мәліметінше, алғашқы есепке алынған матчын 2024 жылғы мамырда ALLINNERS (Қазақстан) құрамында жергілікті LAN турнирлерінде ойнады, кейін DMS-ке, ал 2025 жылдың басында командасымен бірге AMKAL Esports-қа ауысты. Cybersport.ru мәліметінше, AMKAL-да 2025 жылғы 8 қаңтардан 11 сәуірге дейін ойнады.

2025 2025 жылғы 11 сәуірде бразилиялық FURIA командасына көшуі туралы жарияланды. FURIA құрамындағы алғашқы Tier-1 LAN турнирі — үйдегі PGL Astana 2025: команда 4-орын алды (жартылай финалда Spirit-ке жеңілді). BLAST.tv Austin Major 2025-те FURIA ширек финалда paiN Gaming-ке 1:2 есебімен жеңіліп, 5—8-орынды иеленді.

Қыркүйекте FURIA құрамында FISSURE Playground 2 турнирін жеңіп (финалда The MongolZ-ты 3:2 есебімен ұтты), турнирдің MVP-і атанды. Содан кейін Thunderpick World Championship 2025 (финалда Natus Vincere, 3:2), IEM Chengdu 2025 (екінші MVP) және BLAST Rivals Fall 2025 турнирлерінде жеңіске жетті. Желтоқсанда StarLadder Budapest Major 2025-те команда плей-офф кезеңінде Natus Vincere-ге 1:2 есебімен жеңіліп, 5—8-орынды иеленді. HLTV оны IEM Cologne 2025 және Thunderpick World Championship 2025 турнирлерінде EVP (екінші ең құнды ойыншы) деп атады.

Жыл қорытындысы бойынша HLTV оны 20 үздік ойыншы тізіміне (6-орын) енгізіп, Белградта өткен HLTV Awards 2025 рәсімінде «Жылдың жаңа ойыншысы» (Rookie of the Year) деп таныды.

2026 IEM Kraków 2026-да (28 қаңтар — 8 ақпан) FURIA финалға шығып, Vitality-ге 1:3 есебімен жеңілді. IEM Rio 2026-да (сәуір) FURIA 4-орын алды. Үйдегі PGL Astana 2026-да (9—17 мамыр) плей-офф кезеңінде Team Falcons-қа жеңіліп, 5—8-орынды иеленді. Маусымда IEM Cologne Major 2026 финалында Team Falcons-қа 0:3 есебімен жеңілді. Қазанда FURIA Мальтада өткен Thunderpick World Championship 2026 турнирін жеңіп алды (финалда BetBoom Team, 3:2). 24—31 қазанда Бухарестте өтіп жатқан PGL Masters Bucharest 2026 турнирінде чемпион атанды: финалда Nemiga командасын 3:2 есебімен жеңді. Турнирдің MVP-і — FURIA ойыншысы YEKINDAR.

Жетістіктері HLTV HLTV Awards 2025 — «Жылдың жаңа ойыншысы» (Rookie of the Year). HLTV 2025 жылғы үздік 20 ойыншының қатарында — 6-орын. MVP: FISSURE Playground 2 (2025), IEM Chengdu 2025; EVP: IEM Cologne 2025, Thunderpick World Championship 2025.

Командалық жетістіктер (FURIA құрамында) Орын Турнир Өтетін орны Күні 4 PGL Astana 2025 Астана, Қазақстан 10—18 мамыр 2025 5—8 BLAST.tv Austin Major 2025 Остин, АҚШ 3—22 маусым 2025 1 FISSURE Playground 2 Белград, Сербия 12—21 қыркүйек 2025 1 Thunderpick World Championship 2025 Малта 15—19 қазан 2025 1 IEM Chengdu 2025 Чэнду, Қытай 3—9 қараша 2025 1 BLAST Rivals Fall 2025 Гонконг 12—16 қараша 2025 5—8 StarLadder Budapest Major 2025 Будапешт, Мажарстан плей-офф 11—14 желтоқсан 2025 2 IEM Kraków 2026 Краков, Польша 28 қаңтар — 8 ақпан 2026 4 IEM Rio 2026 Бразилия 13—19 сәуір 2026 5—8 PGL Astana 2026 Астана, Қазақстан 9—17 мамыр 2026 2 IEM Cologne Major 2026 Кёльн, Германия 2—21 маусым 2026 1 Thunderpick World Championship 2026 Малта 13—18 қазан 2026 1 PGL Masters Bucharest 2026 Бухарест 24—31 қазан 2026

Танымалдығы 2026 жылғы сәуірде Бразилияға келгенде жанкүйерлер оны әуежайда қарсы алды, ал футболшы Неймар оның Instagram Stories жазбасын қайта жариялады. 2026 жылғы 6 мамырда PGL Astana 2026 алдында FURIA командасын Астана әуежайында жанкүйерлер қарсы алды; NewTimes мәліметінше, олардың саны 200-ден астам болды. 2026 жылғы мамырда Қазақстандағы Snickers брендімен серіктестік жариялады. 2026 жылғы шілдеде Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, БҰҰ жариялаған Халықаралық еріктілер жылының дүниежүзілік елшісі болып тағайындалды.

Дереккөздер

Санат:Киберспортшылар Санат:Қазақстан киберспортшылары