Абдулла би () — Бұхара хандығының мемлекеттік және әскери қайраткері, инақ, жоғарғы құшбегі (1702–1710/1711 және 1711–1716).

Шығу тегі ​Абдулла би шығу тегі жағынан қалмақ болған.

Саяси және әскери қызметі ​Абдулла би Аштархан әулетінен шыққан Бұхара ханы ІІ Ұбайдулла ханның (1702–1711) билігі тұсында жоғарғы құшбегі лауазымын атқарды. II Ұбайдулла хан өлімінен аз уақыт бұрын Абдулла биді бұл қызметтен босатып, оның орнына сарайдағы жас қызметші — құлдардан шыққан Тұрақұл биді, кейін Жаушанды тағайындады. Ал Абдулла биді Балх қаласына жоғарғы құшбегі етіп жіберді.Мир Мухаммед Амин-и Бухари. Убайдалла-наме. Ташкент. АН УзССР. 1957. стр. 277Абдуррахман-и Тали'. История Абулфейз-хана. Ташкент. Изд. АН УзССР. 1959

ІІ Ұбайдулла хан қаза тауып, билікке Әбілпейіз хан (1711–1747) келгеннен кейін, Бұхарада Жаушан өлтірілді. Осыдан соң Бұхараның жоғарғы құшбегісі лауазымына екінші рет Абдулла би тағайындалды. Ол бұл қызметті 1716 жылы өлтірілгенге дейін атқарды.

Әдебиет Мир Мухаммед Амин-и Бухари. Убайдалла-наме. Ташкент. АН УзССР. 1957 Абдуррахман-и Тали'. История Абулфейз-хана. Ташкент. Изд. АН УзССР. 1959

Ескертпелер

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша саясаткерлер