Жаушан (; 1680, Бұхара – 1711, Бұхара, Бұхара хандығы) — мемлекеттік және әскери қайраткер, Бұхара хандығының жоғарғы құшбегісі (1711).

Шығу тегі ​Жаушан шығу тегі жағынан жоңғар-қалмақтарынан шыққан, Бұхарада дүниеге келген.

Саяси және әскери қызметі Аштархан әулетінен шыққан Бұхара ханы II Ұбайдулла ханның (1702–1711) билігі тұсында жоғарғы құшбегі Тұрақұл би үлкен ықпалға ие болды. Ол Бұхара сарайында қалмақтардың беделінің артуына ықпал етті, соның салдарынан мемлекетте бүлік пен өзара қырқыс күшейді. Дәл осы Тұрақұл би басқа бір қалмақ — Жаушанның позициясының нығаюына жағдай жасады.

Бұхара тарихшысы Мір Мұхаммед Әмин-и Бұхари Тұрақұл бидің дәрменсіздігін сипаттай отырып, оның бұл қасиетін ІІ Ұбайдулла ханның өлтірілуінің бір себебі ретінде қарастырады және ханның қазасын мемлекеттің күйреуімен теңестіреді.Мир Мухаммед Амин-и Бухари. Убайдалла-наме. Ташкент. АН УзССР. 1957, с.238-239 Ханның Жаушанды құшбегі лауазымына тағайындауы туралы Мір Мұхаммед Әмин-и Бұхари былай деп жазады:

Жаушан ІІ Ұбайдулла ханға қарсы қастандыққа қатысып, оның өліміне жағдай жасады және ханды өлтіргені үшін қастандық ұйымдастырушылардан 8000 теңге алды.

Тарихшының айтуынша, ол өлтірілген ханға (ІІ Ұбайдулла ханға) қандай да бір қатысы болған барлық тұлғалардың мүлкін тәркілеген; өзіне ұнамаған әрбір сөзі үшін кінәліні өлім жазасына кесіп, дүние-мүлкін тартып алып отырған. Салық жинаушылар мен барлық қызметтегі сословие оның қаталдығынан қатты қорыққан. Ақыры әмірлер бұл құшбегінен құтылуды ұйғарады. Аталық оны және оның бауыры Салах құршыны сылтаумен өзіне шақыртады. Жаушан аталыққа келген бойда сол жерде ұсталып, түрмеге жабылады. Ол азаптауға ұшырап, бауырлары Малах және Ибраһиммен бірге өлтіріледі.Мир Мухаммед Амин-и Бухари. Убайдалла-наме. Ташкент. АН УзССР. 1957, с.286-288

Осылайша, билік басына Әбілпейіз хан (1711–1747) келгеннен кейін, Бұхарада Жаушан өлтіріліп, Бұхараның жоғарғы құшбегісі болып Абдулла би тағайындалды.

Әдебиет Мир Мухаммед Амин-и Бухари. Убайдалла-наме. — Ташкент: АН УзССР, 1957.

Дереккөздер

Санат:Бұхара хандығы тұлғалары