Үздік фэнтези роман үшін берілетін «Локус» сыйлығы () — «Локус» журналы алдыңғы күнтізбелік жылы жарық көрген шығармаларға табыстайтын марапат. Жеңімпаз журнал оқырмандарының дауыс беруі арқылы анықталады. Сыйлық АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы Science Fiction Museum and Hall of Fame ғимаратында өтетін жыл сайынғы жиында тапсырылады, онда жеңімпаздарға сертификаттар беріледі.
Сыйлық 1980 жылдан бастап жыл сайын беріліп келеді, алайда 1978 жылы да осы аталым бойынша марапат табысталған, оны Джон Р. Р. Толкинның «Сильмариллион» романы иеленген. Бұған дейін «Үздік роман» деген жалпы сыйлық болған, бірақ 1980 жылдан бастап ол «Үздік ғылыми-фантастикалық роман» және «Үздік фэнтези романы» болып екіге бөлінді. Тізімде ең көп дауыс жинаған жеңімпаздар мен финалистер көрсетіледі.
Сыйлықтың 35 жылдық тарихында оны 20 адам иеленген. Ең жиі жеңімпаз атанғандар — Орсон Скотт Кард, Чайна Мьевиль және Джордж Р. Р. Мартин — әрқайсысы 4 реттен жеңіске жеткен. Ал Джин Вулф пен Нил Гейман бұл сыйлықты 3 реттен алған.
Жеңімпаздар мен номинанттар 1970-ші және 1980-ші жылдар Жеңімпаздар жеке түспен белгіленген.
Церемония Лауреат суреттеріЖеңімпаздар мен финалистерРоман1978Дж.Р.Р. Толкин «Сильмариллион»Фриц Лейбер «Our Lady of Darkness»Стивен Р. Дональдсон «Құдайсыз Томас Ковенант хроникалары»Стивен Кинг «Сияние»Терри Брукс «Шаннара қылышы»1980Патриция Маккиллип «Желдегі арфашы»Стивен Кинг «Өлі аймақ»Сэмюэль Дилэни «Tales of Neveryon»Пирс Энтони «Ругн қамалы»Пол Андерсон «Теңіз патшасының балалары»1981Роберт Силверберг «Лорд Валентиннің қамалы»Джин Вулф «Қинаудың шебері»Стивен Р. Дональдсон «Жаралы ел»Роджер Желязны «Ауысып кеткен»Элизабет Линн «Солтүстік қызы»1982Джин Вулф «Бітімгер тырнағы»Джон Краули «Кішкентай, үлкен»Роджер Желязны «Очарованная земля»Майкл Муркок «Соғыс иті мен әлем ауыртпалығы»Роберт Столмен «The Captive»1983Джин Вулф «Ликтор қылышы»Джин Вулф «Автарх Цитаделі»Джордж Р. Р. Мартин «Грёзы Февра»Стивен Р. Дональдсон «Алғашқы ағаш»Филип Дик «Тимоти Арчердің трансмиграциясы»1984Мэрион Зиммер Брэдли «Авалон тұмандары»Тим Пауэрс «Анубис қақпасы»Джордж Мартин «Армагеддон шуылы»Джек Вэнс «Lyonesse: Suldrun’s Garden»Стивен Р. Дональдсон «Ақ алтын иесі»1985Роберт Хайнлайн «Иов, немесе әділдікді әжуалау»Роберта Энн Макэвой «Damiano’s Lute»Роберта Энн Макэвой «Raphael»Стивен Кинг «Бойтұмар»Грег Бир «Хорал забвения»1986Роджер Желязны «Тағдыр картасы»Роберта Энн Макэвой «The Book of Kells»Барбара Хэмбли «Айдаһар өлімі»Энн Райс «Вампир Лестат»Джек Вэнс «Lyonesse: The Green Pearl»1987Джин Вулф «Тұман жауынгері»Роджер Желязны «Амбер қаны»Стивен Кинг «Ол»Теодор Старджон «Godbody»Роберта Энн Макэвой «Twisting the Rope»1988Орсон Скотт Кард «Жетінші ұл»Тим Пауэрс «Біртүрлі толқында»Роджер Желязны «Хаос белгісі»Клайв Баркер «Сотканный мир»Конни Уиллис «Lincoln’s Dreams»1989Орсон Скотт Кард «Қызылтәнді Пайғамбар»Кэролайн Черри «Паладин»Джин Вулф «There Are Doors»Майкл Бишоп «Unicorn Mountain»Дэвид Эддингс «Мургтар әміршісі» Дереккөздер
Санат:«Локус» сыйлығы