Ауыл шаруашылығы жануарларының геномдық селекциясы — төлді туғаннан, ерте жасынан ДНҚ негізінде асыл тұқымдық құндылығын бағалау арқылы селекциялық іріктеу жұмыстарын айтарлықтай жеделдетуге мүмкіндік береді. Бұл өнімділікті арттырады, жануарлардың ауруға төзімділігін жақсартады, жануарларды күтуге кететін шығындарды азайтады және антибиотиктерге қажеттілікті азайтады. Климаттың өзгеруіне байланысты бейімделу қабілетін анықтау мүмкіндігі бар. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі жағдайында геномдық сұрыптау тиімдірек және агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Геномдық селекция Геномдық селекция (ГС) – ауыл шаруашылығы жануарларын іріктеудегі заманауи әдістердің бірі болып табылады. Сондай ақ, ол жануарлардың сыртқы белгілеріне (фенотипіне) немесе ұрпақтарының өнімділігіне ғана емес, ДНҚ-сына (генотипіне) талдау жасауға негізделген. Бұл тәсіл жануардың асыл тұқымдық құндылығын төлдеген сәтінен бастап-ақ болжауға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде мал табынының генетикалық жақсару қарқыны едәуір жеделдейді.https://doi.org/10.1534/genetics.116.189795 de Koning D.J., Meuwissen et al. on Genomic Selection, Genetics 2016, 203, 1: p. 5–7
Геномдық селекция маркерлік селекцияның (МС) іріктеу бағдарламаларындағы кемшіліктерін жою мақсатында ұсынылған. ГС – маркерлік селекцияның бір түрі болып табылады, бірақ одан айырмашылығы – ұрпақтың асыл тұқымдық құндылығын анықтау үшін геномдағы барлық генетикалық маркерлерді бір мезгілде бағалай алады.
Геномдық селекцияның негізгі әлеуеті геном бойынша маркерлерді кеңінен қамту арқылы селекциялық бағдарламадағы генетикалық әртүрлілікті түсіндіру және осы маркерлердің әсерін бағалап, ұрпақтың асыл тұқымдық құндылығын дәл болжау мүмкіндігінде жатыр.https://doi.org/10.2135/cropsci2008.08.0512 Heffner E.L., Sorrells M.E., Jannink J.L. Genomic Selection for Crop Improvement. Crop Science 2009, 49, 1: p. 1-12.
Негізгі назар бірнінші кезекте маңызды маркерлерге ғана аударылатын маркерлік селекцияға қарағанда, геномдық селекция (ГС) популяциядағы барлық маркерлерді кешенді түрде ескереді. Қазіргі таңда маркерлік селекцияның екі негізгі кемшілігі анықталған: 1) Сандық белгілер локустарын (СБЛ) (quantitative trait locus – QTL) талдаудың көпшілігінде би-ата-аналық картографиялық популяциялар қолданылады, ал бұл болса олардың дәлдігін шектейді;https://doi.org/10.1038/nrg701 Dekkers J.C., Hospital F. The use of molecular genetics in the improvement of agricultural populations. Nature Reviews Genetics 2002, 3, 1: p.https://doi.org/10.1534/genetics.167.1.485 Schön C.C., Utz H.F., Groh S., Truberg B., Openshaw S., Melchinger A.E. Quantitative trait locus mapping based on resampling in a vast maize testcross experiment and its relevance to quantitative genetics foe complex traits. Genetics 2004, 167, 1: p. 485-498. 2) Бұл жағдай мәселе туындатады, өйткені бір ғана би-ата-аналық популяция селекциялық популяциядағы аллельдік әртүрлілікті және генетикалық фон әсерін толығымен көрсете алмайды.
Сонымен қатар, бірнеше шағын әсері бар маркерлермен бақыланатын полигенді немесе күрделі белгілер маркерлік селекция үшін елеулі қиындық туғызады. Нысаналы маркерлерді анықтауға және полигенді белгілерді жақсарту мақсатында маркерлік селекцияны енгізуге қолданылатын статистикалық әдістер тиімсіз болып шықты.
Қазіргі заманғы геномдық селекция ДНҚ-ны геномдық сканерлеу арқылы жүзеге асырылады, бұл үшін құрамында 50 мыңнан астам бірнуклеотидті ауысулары бар учаскелерді қамтитын биочиптер пайдаланылады – олар SNP (Single Nucleotide Polymorphisms) деп аталады. Геномдық селекцияның классикалық әдістермен үйлескендегі артықшылығы – жануардың асыл тұқымдық құндылығын ерте жаста, туғаннан кейін бірден дерлік, шамамен 90% дәлдікпен болжау мүмкіндігі. Мұндай тәсіл селекциялық прогресс қарқынын 50%-ға арттырып, айтарлықтай экономикалық тиімділік береді.
2010 жылға қарай ауыл шаруашылығы жануарларының негізгі түрлерінің (ірі қара малдың, шошқаның және қойдың) геномдары толық зерттеліп, сипатталды. Бұл жануарларды мыңдаған ДНҚ-маркерлер бойынша генотиптеуге мүмкіндік берді.
Барлық генетикалық маркерлердің ішінде практикалық селекцияда қолдануға ең ақпаратты әрі қолайлысы – SNP, яғни бірнуклеотидті полиморфизм екені анықталған. Бұл ДНҚ тізбегіндегі бір ғана нуклеотидтің (A, T, C немесе G) айырмашылығы, ол ақуыздағы аминқышқылдарының орналасу ретінің өзгеруіне себеп болуы мүмкін. Осындай өзгерістерге байланысты биохимиялық реакциялар тізбегіндегі ақуыздың қызметі күшеюі немесе әлсіреуі мүмкін, бұл өз кезегінде өнімділік белгілерінің көрінісіне әсер етеді.
Көпжылдық зерттеулер ауыл шаруашылығы жануарларында мұндай маркерлердің бірнеше жүз мыңға дейін жететінін көрсетті; орта есеппен олар әр 50 000 нуклеотид сайын кездеседі және геном бойынша біркелкі таралған. Жануарлардың геномдық профилі туралы ақпаратты жедел алу үшін Illumina және Affymetrix компаниялары 50 000 астам SNP-маркерлер бойынша жануар генотипін типтеуге мүмкіндік беретін ДНҚ-чиптерді әзірледі.
ДНҚ-чип ДНҚ-чип – бұл бетіне арнайы ұяшықтар (ячейкалар) орналастырылған тасымалдағыш, олардың әрқайсысында реагент зат болады. Зерттелетін материал әртүрлі, көбінесе флуоресцентті бояғыштармен таңбаланып, ДНҚ-биочипке енгізіледі.
Реагент ретінде қолданылатын олигонуклеотид классикалық ПТР (полимеразды тізбекті реакция) реакциясы барысында зерттелетін ДНҚ-дағы тек комплементарлы фрагментпен байланысады. Нәтижесінде реакция жүрген ұяшықта жарық (флуоресценция) тіркеледі.
Осылайша, шамамен 50 мың локус бойынша селекция үшін қажетті аллельдің бар-жоғын немесе жоқтығын анықтауға мүмкіндік туады.
Дереккөздер