Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы — мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орны.

Тарихы 1994 – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебі (ҰЖМБМ) ашылды (Қазақ КСР ОК жанындағы Жоғары партия мектебі базасында 1942 жылы құрылған).

1998 – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҰЖМБМ және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру институтының бірігуі арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы құрылды.

2000 – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының елорда – Астана қаласына қоныс аударуы.

2005 – «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы», «Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Сот академиясын» біріктіру және «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» РМҚК Дипломатиялық академиясының функцияларын жаңадан құрылатын мемлекеттік мекемеге беру арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы құрылды.

2008 – Академия мемлекеттік мекемеден республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (РМҚК) болып қайта құрылды. Мемлекеттік қызметшілердің жоғары буынын қайта даярлау мақсатында Академия құрамында Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі құрылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Академияның мемлекеттік басқару органы болып айқындалды.

2017 жылдан бастап облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалдары ашылды.

Басқарма 1. Ректор: Жолманов Азамат Сағатұлы

2. Академиялық қызмет жөніндегі вице-ректор: Оразалиева Эльмира Нұрланқызы

3. Корпоративтік және қаржылық қызмет жөніндегі вице-ректор: Калмаханов Бауыржан Абдрахманович

4. Инновациялар және цифрлық даму жөніндегі вице-ректоры: Айқыз Бауыржанқызы

Оқу бағдарламасы Академия 12 білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қабылдайды, олардың ішінде 9-ы – магистратура, 3-і – докторантура бағдарламалары.

Магистратура бағдарламалары: «MPA – Мемлекеттік басқару», «MPP – Мемлекеттік саясат», «MIR – Халықаралық қатынастар», «ME – Экономика», «MRD – Өңірлік даму», «MHRM – Адами ресурстарды басқару», «MDPA – Цифрлық мемлекеттік басқару», «EMPA – Мемлекеттік басқару» (модульдік оқыту негізінде), «MRDm – Өңірлік даму» (модульдік оқыту негізінде).

Докторантура бағдарламалары: «DPA – Мемлекеттік басқару», «DE – Экономика», «DIR – Халықаралық қатынастар».

Тағы қараңыз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Дереккөздер

Санат:Мемлекетті басқару академиясы Санат:Оқу бағдарламасы Санат:Қазақстан университеттері