«Маған сенсіз өмір жоқ» (исп. Te sigo amando) — 1996 жылы Televisa телекомпаниясы түсірген, 115 сериядан тұратын мексикалық мелодрама телехикаясы. Сериал ACE Awards және TVyNovelas Awards сыйлықтарының лауреаты.

Сюжеті Юлисса Торрес-Кентеро — жоғары әлеуметтік топтан шыққан сұлу жас қыз. Ол ерте жастан жетім қалып, оны әжесі донья Паула және ағасы Алехандро тәрбиелейді. Донья Паула — қатігез мінезді әрі екіжүзді әйел.

Өзінің мінезінің салдарынан донья Паула бар мүлкінен — үйі мен ақшасынан айырылып, қираған жерде өмір сүруге мәжбүр болады. Кедейліктен құтылу үшін ол қолындағы соңғы қаражатын жер иесі Игнасио Агирреге салады.

Алайда Игнасио Агирре — адамдарды жек көретін қатыгез әрі мейірімсіз адам болып шығады. Өз кезегінде оны да айналасындағы адамдар жек көреді, әсіресе туған әпкесі Летисия.

Марапаттары мен сыйлықтары

ACE Awards (4/4) Жеңімпаздар:

Үздік адам рөлі — Серхио Гойри. Үздік қоюшы режиссерлер — Мигель Корсега және Моника Мигель. Үздік ер адам рөлі — Гарри Гейтнер. Үздік телехикая — Карла Эстрада (продюсер).

TVyNovelas (3/9)

Ең үздік қосалқы рөлдегі актер — Серхио Гойри деп танылды. Ең үздік жас актер — Освальдо Бонавидес деп танылды. Ең үздік қоюшы режиссерлер — Мигель Корсега және Моника Мигель деп танылды.

Сыртқы сілтемелер

Толығырақ ақпарат

Санат:Мексика телесериалдары