КСРО қамсыздандыру халық комиссариаты () — ішкі сауда мәселелеріне жауапты мемлекеттік салалық басқарманың орталық органы. Біртіндеп тамақ өнеркәсібі салалары оның қарамағына өтті.
1930 жылы 22 қарашада КСРО ішкі және сыртқы сауда халық комиссариатын қайта құру кезінде құрылды.
Қамсыздандыру халық комиссариаты халық пен өнеркәсіп үшін ауыл шаруашылық өнімдерін дайындауды, халықты, сауданы, асханаларды және тағамдық кәсіпорындарын азық-түлікпен қамсыздандыруды ұйымдастыру міндеттері артылды.
Қамсыздандыру халық комиссариятының жалғыз халық комиссары Анастас Микоян болды.
1934 жылы 29 шілдеде Қамсыздандыру халық комиссариаты КСРО ішкі сауда халық комиссариатына (халық комиссары болып Микоянның орынбасары Вейцер Израил Яковлевич тағайындалды) және Микоянның өзі басқарған КСРО азық-түлік өнеркәсібі халық комиссариатына бөлінді.
Әдебиет Анастас Микоян «Так было» (Москва, «Вагриус», 1999 г.)
Санат:КСРО жабдықтау халық комиссариаты Санат:КСРО халық комиссариаттары