Ернар Мерғалымұлы Лазар (1986, Алматы) — қазақстандық саясаткер және дипломат, 2025 жылдан бастап Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі. II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл дипломатиялық дәрежесі бар.Лазар Ернар Мергалымович (персональная справка)
Өмірбаяны Ернар Лазар 1986 жылы Алматы қаласында туған.
2006 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетін «халықаралық экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтын бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінде бастаған.
2007–2010 жылдары Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы;
2011–2013 жылдары Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы;
2013–2017 жылдары Қазақстанның Нидерландыдағы елшілігінің екінші, бірінші хатшысы;
2017–2018 жылдары Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің кеңесшісі лауазымдарында қызмет атқарған.
2018 жылдан бастап Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің (2023 жылдан бастап Сыртқы саясат бөлімі) консультанты, инспекторы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары лауазымдарында қызмет етіп, 2023 жылғы 11 шілдеде бөлім меңгерушісі болып тағайындалды.
2025 жылғы 29 қыркүйек күні Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Лазар Ернар Мерғалымұлы
Дереккөздер
Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері