Стивен Эдвин Кинг (; , Портланд) — америкалық жазушы. «Қорқыныш патшасы» (King of Horror) деген лақап атқа ие болған ол өзінің хоррор бағытындағы шығармаларымен кеңінен танымал. Сонымен қатар ол әдебиеттің басқа да жанрларында, соның ішінде қылмыстық проза, ғылыми фантастика, фэнтези және детектив бағыттарында бағын сынаған.

Жазушы кітаптарының жалпы тиражы 400 миллион данадан асқан. Оның шығармалары желісімен көптеген көркем фильмдер мен сериалдар түсіріліп, телеқойылымдар әзірленді және комикстер жарық көрді. Кингтің қаламынан 65 роман (оның жетеуі Ричард Бахман деген лақап атпен шыққан), 5 ғылыми-танымал кітап және 15 өлең туған. Сонымен қатар ол 200-ден астам әңгіме мен 35 повесть жазған, олардың басым бөлігі авторлық жинақтарға енді. Жазушының көптеген туындыларындағы оқиға желісі оның туған штаты Мэнде өрбиді.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:АҚШ журналистері