Мұхамедрақым Жүнісұлы Жүнісов (1923, Веренка, Ерейментау ауданы – 1987, Қоянды, Целиноград ауданы) — Ұлы Отан соғыстағы пулеметші, Қоянды ауылының бірінші көшбасшысы.ДЖУНУСОВ Мухамедрахим Жунусович
Өмірбаяны Жүнісов Мұхамедрақым 1923 жылы Ерейментау ауданының Веренка ауылындаДжунусов Мухамед-Рахим Джунисович//БАТЫРЛАРҒА ТАҒЗЫМ дүниеге келген (кей деректерде - Целиноград қаласында). Еңбек жолын 14 жасынан бастаған. 1941–1947 жылдары Ұлы Отан соғысының қатысушысы болды.
Сталинградты қорғауға қатысқан: 1942 жылғы қаңтар – шілде — 661-атқыштар полкі; 1942 жылғы шілде – 1943 жылғы маусым — 1389-атқыштар полкі; 1943 жылғы маусым – 1944 жылғы ақпан — 124-мотоатқыш механикаландырылған корпусы; 1944 жылғы ақпан – наурыз — 6-жеке полк; 1944 жылғы наурыз – 1945 жылғы тамыз — 5-соққы армиясы.
1945 жылғы тамыздан бастап Жапониямен соғысқа қатысқан: 1945 жылғы тамыз – 1946 жылғы қаңтар — 63-жеке саперлік батальон; 1946 жылғы қаңтар – 1947 жылғы сәуір — 331-жеке инженерлік батальон.
Шайқастардың бірінде Жүнісов батпақты жерде жараланған офицерді құтқарып қалған. Оны иығына көтеріп, медициналық бөлімге дейін алып барған. Сол үшін офицер оны медальмен марапаттауға уәде берген, алайда Жүнісовте, құтқарылған офицер де бір-бірінің атын сұрамаған.
1954 жылдан бастап, 1984 жылға дейін Ақмола облысы Целиноград ауданының Қоянды ауылының алғашқы көшбасшысы қызметін атқарған. Ауылдың дамуына, инфрақұрылымының қалыптасуына, жолдардың, әлеуметтік және мәдени нысандардың салынуына үлкен үлес қосты. Көптеген грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталған.
Марапаттары 1945 жылғы 14 қазан — «Германияны жеңгені үшін» медалі; 1945 жылғы 22 желтоқсан (20 шілде) — «Сталинградты қорғағаны үшін» медалі;
1946 жылғы 2 маусым — «Жапонияны жеңгені үшін» медалі; 1947 жылғы 3 қазан — «Ерлігі үшін» медалі; 1985 жылғы 11 наурыз — II дәрежелі «Отан соғысы» ордені; және көптеген басқа медальдармен марапатталған.Жүнісов Мұхамедрақым//ПАМЯТЬ НАРОДА
Естелік
Қоянды ауылының басты көшесі Мұхамедрақым Жүнісов атына ие. Целиноград ауданының 90 жылдығына арналған энциклопедияға енген.
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданында туғандар Санат:Целиноград ауданында қайтыс болғандар Санат:Ұлы Отан соғысы саперлері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Ұлы Отан соғысы жаяу әскерлері