Анатолий Васильевич Милкин (16 наурыз 1930, Семей, Семей округі, Қазақ АКСР, РКФСР, КСРО — 30 қаңтар 1996, Астана, Қазақстан) — кеңестік шаруашылық, мемлекет және партия қайраткері.
Өмірбаяны 1930 жылы Семейде туған. КОКП мүшесі.
1952 жылдан бастап шаруашылық, қоғамдық және саяси жұмыстарда болды. 1952–1996 жылдары кен учаскесінің бастығы, кеніш басшысының орынбасары, бас инженері, өндірістік-техникалық бөлім басшысы, партия комитетінің хатшысы, Текелі қорғасын-мырыш комбинатының директорының орынбасары, бас инженері, Қазақстан КП Текелі қалалық комитетінің 1-хатшысы, Қазақстан КП ОК ауыр өнеркәсіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан КП Талдықорған облыстық комитетінің 2-хатшысы, Қазақ КСР Халықтық бақылау комитетінің төрағасы, Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің 1-хатшысы, Қазақстан ҒА Экономика институтының ғылыми қызметкері қызметтерін атқарды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің X шақырылымы, КСРО Жоғарғы Кеңесінің XI шақырылымы депутаты, КСРО халық депутаты болып сайланды.
1996 жылы Астанада көз жұмды.
Әдебиет Ашимбаев Д.Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008.
Санат:КОКП XIX конференциясы делегаттары Санат:КОКП XXVII съезінің делегаттары Санат:Одақ Кеңесінің 11-шақырылым депутаттары Санат:Шығыс Қазақстан облысынан келген Одақ Кеңесінің депутаттары Санат:Одақ Кеңесінің мүшелері (1989–1991) Санат:Қазақ КСР округтарынан сайланған Одақ Кеңесінің депутаттары Санат:Қазақ КСР округтарынан сайланған КСРО халық депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан КП Талдықорған облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Қазақстан компартиясы қалалық комитеттерінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшылары