Назымкүл Владимирқызы Жанғарашева — экономика ғылымының докторы (2007), профессор (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1962 жылы 13 наурызда Қырғызстан, Бішкек қаласында туған.

Алматы халық шаруашылығы институтын (1983, қазіргі Нархоз университеті) жəне Ауыл шаруашылық экономикасы жəне ұйымдастыру қазақ ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1988) бітірген. Ауыл шаруашылық экономикасы жəне ұйымдастыру қазақ ғылыми-зерттеу институтында аға лаборант (1983), аға экономист (1984-85), кіші ғылыми қызметкер (1989-90), Орта-Азия университетінде декан (2001-09), кафедра меңгерушісі (2009-10), Қазақ ұлттық аграрлық университетінде профессор (2009-10), кафедра менгерушісі (2010), 2011 жылдан Алматы гуманитарлы-техникалық университетінің проректоры қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта Тұран университетінде қызметте.

Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты Қазақстанның агроөнеркəсіп кешенінде маркетингтік зерттеулерді жетілдіруге арналған. "Развитие маркетинга в агропромышленном комплексе Казахстана (теория, методология, практика)" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 96 ғылыми-əдістемелік еңбектің, оның ішінде 1 монография, 5 жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, 2 мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары, 6 типтік оқу бағдарламалары, 15 əдістемелік нұсқаулардың авторы.

Марапаттары "Ерен еңбегі үшін медалі" (2010).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Джангарашева Назымкуль Владимировна.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар