Әсима Қалымқызы Ишанова — филология ғылымының докторы (2006), профессор.
Өмірбаяны, еңбек жолы 1955 жылы 18 қаңтарда Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Калининское ауылында туған.
Қарағанды мемлекеттік университетін (1977, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті) бітірген. Арқалық педагогикалық институтында (қазіргі Арқалық педагогикалық университеті) оқытушы, Мәскеу мемлекеттік университетінде стажер-ізденуші (1979-82), Арқалық педагогикалық институтында аға оқытушы (1984), доцент (1985), кафедра меңгерушісі (1990) болды. 1995 жылдан Еуразия ұлттық университетінде қызмет етеді.
Ғылыми бағыты, еңбектері "Типология литературной игры (концептуально-сравнительный аспект)" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми бағыты: əдебиеттану, журналистика, медиазерттеу, мəдениеттану. 200-ден астам ғылыми мақаланың, оның ішінде 1 монографияның авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.
Марапаттары Еуразия ұлттық университетінің мақтау грамотасы (2018); Халықаралық лауазымдар мен дипломдардың иегері (2018, 2019); "Еуразия ұлттық университетіне 25 жыл" медалі (2021).Әсима Қалымқызы Ишанова.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Әдебиеттану әлемінің сәулетшісі. Профессор Әсима Ишанова 70 жаста!
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Қарағанды жоғарғы оқу орындары түлектері Санат:Еуразия ұлттық университетінің профессорлары