Өтешқали Дүйсенғалиұлы Атамбаев (20 қыркүйек 1910, Гурьев уезі, Орал облысы, Ресей империясы — 26 қыркүйек 1994, Мәскеу, Ресей) — кеңестік мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары (1961-1963), Қазақ КСР қаржы министрі (1955-1961).

Өмірбаяны 1910 жылы 20 қыркүйекте Гурьев (Атырау) облысы, Есбол (Индер) ауданы, Тума ауылында дүниеге келген.

1925 жылдан бастап 1927 жылдың қазанына дейін Гурьев қаласындағы балық өңдеу зауытында қара жұмысшы болып жұмыс істеді. 1927 жылдың қазанынан 1928 жылдың мамырына дейін Гурьев қаласында уездік атқару комитетінде істерді тіркеуші болды. 1928 жылдың мамырынан 1929 жылдың наурызына дейін Гурьев округтік статистика бөлімінде статистик болып жұмыс істеді.

1935 жылы Куйбышев жоспарлау-экономикалық институтын бітіріп, Гурьев округтік статистика бөлімінде қызмет атқарды, Гурьевтегі БК(б)П округтік комитетінің референті, ауылдық тұтынушылар қоғамы басқармасының төрағасы, тұтынушылар қоғамдық бірлестіктері облыстық одағының нұсқаушысы, қалалық тұтынушылар қоғамдық бірлестіктері одағының төрағасы, Гурьев мемлекеттік банк бөлімшесі басқарушысының көмекшісі болды.

1936—1940 жылдары Мемлекеттік банктің Қазақ республикалық кеңсесінің аға инспекторы, сектор басшысы, тексерушісі болып еңбек етті.

1940—1942 жылдары Қазақ КСР мемлекеттік бақылау халық комиссариатының бақылаушысы, аға бақылаушысы лауазымында мехнат қылды.

1942—1945 жылдары Қазақ КСР қаржы халық комиссарының 1-орынбасары болып еңбектенді.

1945—1955 жылдары Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің – Министрлер Кеңесінің КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі – Министрлер Кеңесі жанындағы тұрақты өкілі болды.

1955—1961 жылдары Қазақ КСР қаржы министрі болып күн көрді.

1961—1963 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары әрі Қазақ КСР сыртқы істер министрі қызметтерін атқарды.

1963 жылдың қаңтарынан — 1964 жылдың желтоқсанына дейін Шығыс Қазақстан өнеркәсіптік облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

1964 жылдың желтоқсанынан — 1966 жылдың қарашасына дейін Шығыс Қазақстан облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып еңбек етті.

1966 жылдың қарашасынан — 1973 жылдың қарашасына дейін тағы да Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы тұрақты өкілі болып істеді.

1973 жылдың қарашасында зейнетке шықты.

Ол 1994 жылы 26 қыркүйекте Мәскеу қаласында қайтыс болды.

Дереккөздер

Сілтемелер Өтешқали Атамбаев. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы.

Санат:Астрахан губерниясында туғандар Санат:Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП XXI съезінің делегаттары Санат:КОКП XXIII съезінің делегаттары