Үлгілі сарқырамасы — Қазақстанның Ақмола облысы Зеренді ауданындағы табиғи нысан. Сарқырама Шағалалы өзенінің бойында, Үлгілі ауылының маңында орналасқан. Ол өңірдің танымал туристік және рекреациялық орындарының бірі болып саналады.Welcome.kz. «Ulguli Waterfall».

Географиялық орналасуы Сарқырама Зеренді өңіріндегі каньон тәрізді аңғардың ішінде орналасқан. Айналасы гранитті жартастармен, қылқанжапырақты және аралас орман алқаптарымен қоршалған. Табиғи нысан Үлгілі ауылының атауымен аталған.

Сипаттамасы Үлгілі сарқырамасы көктем мезгілінде, қар суының молаюына байланысты ерекше көрініс береді. Осы кезеңде су ағыны күшейіп, сарқырама толық қуатымен ағады. Кейбір деректер бойынша су шамамен 10 метр биіктіктен құлайды. Жаз айларында су көлемі азайып, сарқырама шағын ағысқа айналады.

Туризм Үлгілі сарқырамасы Ақмола облысындағы табиғи туристік нысандардың бірі болып табылады. Әсіресе сәуір және мамыр айларында келушілер саны артады. Сарқырамаға автомобиль жолы арқылы жетуге болады. Табиғи кешеннің аумағында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі туралы ескерту белгілері орнатылған.ҚазАқпарат

Белгілі журналист Б.Байәділ «Қасиетіңнен айналайын, Зеренді!» атты мақаласында: «Қара жердің қойнауынан бұрқырай шығып, иен даланың төсіне бұралып ағып бара жатқан, дәмі бал татитын тап-таза су көзі көп. Соның бірі – Үл­гілі сарқырамасы. Тау басындағы ақша қар ерте көктемде ерісімен жылға-жыл­ғаны қуалап, сарқырамаға құйылады. Он сан, жүз тармақ. Бәрі қосылғанда, екпіні үй жыққандай гүрілдей, сарқырай ағатын көркем көрініске айналмақ. Осындай толайым тылсым табиғаттың тұма көрінісі туризмнің қос қақпасын айқара ашуға септігін тигізіп тұр».Б.Байәділ «Қасиетіңнен айналайын, Зеренді! «Егемен Қазақстан» газ. 24.05.2022 ж.

Табиғатты қорғау Сарқырама маңындағы табиғи ландшафт жергілікті тұрғындар мен туристер арасында демалыс орны ретінде танымал. Мамандар табиғи ортаның сақталуы үшін қоқыс қалдырмауға, ағаштар мен жартастарға зиян келтірмеуге шақырады.Aqmola News. «Үлгілі сарқырамасы»

Дереккөздер

Санат:Қазақстан сарқырамалары Санат:Зеренді ауданы географиясы