Сүлеймен Хәлелұлы Ғафиятуллин (; 1 қаңтар 1905, Чистай қаласы, Қазан губерниясы, Ресей империясы — 1 мамыр 1983, Алматы, Қазақ КСР) — кеңестік әрі татар саясаткер, Татар АКСР халық комиссарлары кеңесінің төрағасы (1940-1943).

Өмірбаяны 1922 жылы Екатеринбург педагогикалық техникумын бітірді.

1922—1938 жылдары Чистай қалалық өрт сөндіру командасында, Арша кантонының өрт сөндіру нұсқаушысы, Қазан қаласы Өрт күзеті басқармасының аға инспекторы, Татар АКСР Қазан қаласындағы № 124 зауытында өрт күзетінің басшысы қызметтерін атқарды.

1938—1939 жылдары БК(б)П Қазан қаласы Ленин аудандық комитетінің хатшысы болып күн көрді.

1939—1940 жылдары БК(б)П Татар облыстық комитетінің кадрлар жөніндегі хатшысы болып жұмыс істеді.

1940—1943 жылдары Татар АКСР халық комиссарлары кеңесінің төрағасы лауазымында мехнат қылды. Соғыс кезінде Татар АКСР Қорғаныс кеңесінің төрағасы міндетін атқарды; оның алғашқы бұйрықтарының бірі — ТАКСР бекініс аймағын салу болды; республиканың қалалары мен аудандарында көшірілген бейбіт тұрғындарды орналастыруды, сондай-ақ Татарстанға көшірілген КСРО Ғылым академиясының қорғаныс кәсіпорындары мен мекемелерін қабылдауды және орналастыруды ұйымдастырды. Татарстанда ядролық үдеткішті орнатуға жауапты болды.

1943—1945 жылдары БК(б)П ОК жанындағы партия ұйымдастырушыларының жоғары мектебінің тыңдаушысы болды.

1945—1946 жылдары Қазақ КСР астық және мал шаруашылығы кеңшарлары халық комиссары – министрі болып еңбек етті.

1946 жылдың қыркүйегінен — 1948 жылдың қаңтарына дейін Шығыс Қазақстан облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып істеді.

1948 жылдың қаңтарынан — 1952 жылға дейін Батыс Қазақстан облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып еңбектенді.

1952—1953 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы ауыл және ұжымшар құрылысы істері жөніндегі бас басқарманың басшысы қызметін атқарды.

1953—1954 жылдары Қазақ КСР кеңшарлар министрлігі Материалдық-техникалық жабдықтау бас басқармасының басшысы болып күн көрді.

1954—1958 жылдары Ақмола ауданында М. Мәметова атындағы астық кеңшарының директоры болып жұмыс істеді.

1959—1961 жылдары Қазақ КСР кеңшарлар министрлігі Кеңшарлар мен машина-трактор станцияларының құрылысы жөніндегі бас басқармасы басшысының орынбасары лауазымында мехнат қылды.

1961 жылы зейнетке шықтыАшимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008.

БК(б)П XVIII съезінің делегаты (1939). 1941 жылы 19 қаңтарда Татар АКСР атынан КСРО Жоғарғы Кеңесі Одақ Кеңесінің 1-шақырылым депутаты болып сайланды (1946 жыл бойы).

Марапаттары Ленин ордені (23.06.1940) — Татар Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылуының 20 жылдығына орай, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытудағы жетістіктері үшін екі Еңбек Қызыл Туы ордені (1947, 1957)

Дереккөздер

Сілтемелер Сүлеймен Ғафиятуллин. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы.

Санат:Татарстан үкіметінің басшылары Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері Санат:Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Орал облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:БК(б)П XVIII съезінің делегаттары Санат:Одақ Кеңесінің 1-шақырылым депутаттары Санат:Татар АКСР атынан сайланған Одақ Кеңесінің депутаттары Санат:КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері Санат:КОКП Татарстан облыстық комитетінің хатшылары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары