Эндрю «Энди» Мюррей Бёрнем (; 7 қаңтар 1970, Ливерпуль, Ланкашир) — британдық саясаткер, 2026 жылғы шілдеден бергі Ұлыбритания премьер-министрі және Лейбористік партияның көшбасшысы.

Бёрнем — 2026 жылғы маусымнан бергі Қауымдар палатасының депутаты. Бұрын ол 2017 жылдан 2026 жылға дейін Үлкен Манчестер мэрі және Гордон Браун тұсындағы Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрі (2009–2010) мен Мәдениет, медиа және спорт министрі (2008–2009) еді. Бёрнем өзін социалист дейді және Лейбористік партияның солшыл жағында орналасқан деп сипатталады.

Ливерпульдың Эйнтри жағында туған Бёрнем Кембридж университетінің Фицуильям-колледжында ағылшын тілін оқыды. 15 жасында ол Лейбористік партияның мүшесі атанып, зерттеумен айналысты. 1998 жылдан 2001 жылға дейін ол Мәдениет министрі Крис Смит. 2001 жылғы парламент сайлауында ол Үлкен Манчестердегі округінен сайланған Қауымдар палатасының депутаты атанды. Премьерлер Тони Блэр мен Гордон Браун тұсында ол түрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайндалып жүрді.

2010 жылы Бёрнем Лейбористік партияның басшылығына сайланбақ болды, алайда жеңілді. 2010 жылдан 2015 жылға дейін ол Эд Милибэнд тұсында ол Білім беру көлеңкелі министрі және Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамқорлық көлеңкелі министрі болды. 2015 жылғы парламент сайлауынан кейінгі Лейбористік партия көшбасшылығына сайлауда ол Джереми Корбиннен кейін екінші орынға жайғасты. 2015 жылдан 2016 жылға дейін ол Ішкі істер көлеңкелі министрі болды. 2017 жылы ол Үлкен Манчестер мэрлігіне үміткер атанып, Парламенттен кетті.

Кир Стармер премьерлігіне қатысты даулар себебінен Лейбористік партияда басшылық дағдарысы басталды да, Бёрнем Парламентке оралмақ болды. Төрт күннен кейін Стармер отставкасын жариялады. Көп ұзамай, келесі айда, Бёрнем оның ізбасары атанды.

Бёрнемнің премьер-министр ретіндегі тұңғыш шетелдік сапары 2026 жылғы 24 тамызда Киев, Украинада, Украина Тәуелсіздік күнінде болды.

Дереккөздер

Санат:Кембридж университеті түлектері Санат:Ұлыбритания саясаткерлері Санат:Ұлыбритания премьер-министрлері Санат:Лейбористік партияның (Ұлыбритания) мүшелері Санат:Ұлыбритания парламентінің мүшелері (2015—2017) Санат:Үлкен Манчестер мэрлері Санат:Ұлыбритания парламентінің мүшелері (2024—) Санат:Қазіргі мемлекет басшылары