thumb|right|250px| Актриса Жанна Самаридің портреті () — әйгілі француз кескіндемешісі Пьер Огюст Ренуар 1877 жылы салған портрет. Өлшемдері — 56 × 46 см.

Мұнда Париждегі «Комеди Франсез» театрының жас актрисасы Жанна Самари бейнеленген. Суретті коллекционер Иван Морозов сатып алған. Революциядан кейін ол А.С. Пушкин атындағы бейнелеу өнерінің мемлекеттік мұражайына түсті.

thumb|left|200px| Актриса тұрмысқа шыққанға дейін суретшінің шеберханасына жақын тұрған. Сол жылдары Ренуар оған тағы бірнеше суретін арнаған еді.

1878 жылы суретші Жаннаны алқызыл нарядта толық бойымен салады. Бұл суреті Петербургтың Эрмитажында сақталынуда.E. Romano, ed. Renoir. Los Grandes Genios del Arte, volume 10, Madrid, Unidad Editorial. p. 192

Дереккөздер

Санат:Пьер Огюст Ренуар суреттері Санат:1877 жылы салынған суреттер Санат:Портреттер