Ноғайты – Сағыз алабындағы өзен.

Географиялық орны Атырау облысы Қызылқоға ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 65 км, су жинайтын алабының аумағы 931 км².

Бастауы Өзен бастауын Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы Ноғайты аулының шығысынан алып, Сағыз темір жол стансасы тұсында Сағыз өзеніне құяды.

Гидрологиясы Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Жер асты және жауын-шашын суымен толығады. Көктемде қар суымен оншақты күндей тасып, жазда қарасуларға бөлініп кетеді. Суы ащы. Алабы – мал жайылымы.Атамекен Географиялық энциклопедия. Алматы 2011 ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Каспий су алабы өзендері Санат:Қызылқоға ауданы өзендері Санат:Байғанин ауданы өзендері