Рымбала Кенжебайқызы Смайылова (9 ақпан 1945 жыл, Қарқаралы, Қарағанды облысы) — жазушы, аудармашы, редактор, Қазақстан Журналистер одағы мен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, тіл жанашыры.

Өмірбаяны Рымбала Кенжебайқызы Смайылова 1945 жылы 9 ақпанда Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында дүниеге келген.Рымбала Смайылова Қарқаралыда дүниеге келген

1951 жылы Қу ауданының К. Маркс атындағы ауыл мектебіне қабылданып, 1961 жылы Қарағанды қаласындағы №2 қазақ мектеп-интернатын тәмамдады. 1961–1965 жылдары Қарағанды педагогикалық институтында білім алып, орта мектеп мұғалімі мамандығын иеленді.Рымбала Смайылова туралы өмірбаяндық мәлімет

1990 жылдарға дейін педагогикалық қызмет атқарды. Кейін қазақ тілін дамыту ісіне белсене араласып, 1990 жылдан бастап Қарағанды қаласындағы «Арко» баспаханасында қазақ тілі пәнінен сабақ берді, кейін осы мекемеде корректор болып жұмыс істеді.

2008 жылы «Тұран-Профи» халықаралық кәсіптік академиясының Біліктілікті арттыру институты жанындағы «Аудармашылардың біліктілігін арттыру және ілеспе аударманы оқыту» курсын аяқтап, аудармашы және редактор ретінде еңбек етті.

Баспа ісінің қыр-сырын меңгергеннен кейін 2010 жылдан бастап жолдасы, жазушы Марал Хасеннің мақалалары, әдеби шығармалары мен аудармаларын жарыққа шығарып, жалпы он кітаптың басылып шығуына атсалысты. Жолдасы қайтыс болғаннан кейін оның шығармашылығына арналған екі естелік кітапты құрастырды. Кейін көркем және танымдық әдебиеттерді қазақ тіліне аударумен айналысты.Biografy

Жазушы өмірінің елеулі кезеңдері 1987 ж. «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. 2018 жылы Рымбала Смаилованың алғашқы аударма кітабы Светлана Алексиевичтің «Цинковые мальчики» жарық көрді. 2020-2021 жылдары жазушы Марал Хасеннің барлық кітаптарынан жүйелеп 7 томдық «Марал Хасен. Таңдамалы еңбектер» деген жинақты топтастырған. Бұл көптомдық Астана қаласындағы Ұлттық Академиялық кітапхана арқылы ашылған «Қазақстанның мәдени орталықтарына»: Америка, Қытай, Аргентина, Белоруссия сияқты 40 шақты елге таратылған. 2021 жылы Нұрайна Сәтбаеваның «Серебряная тамга Альки» әңгімелер жинағын қазақшаға қотарған. 2021 жылы «Ortalyq Qazaqstan» газетіне 90 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен марапатталған. 2022 жылы Гарри Грейдің «Однажды в Америке» бестеллерін аударған. 2024 жылы Илмаз Даниялұлының «Дастан и Арман. Начало» тарихи сагасын тәржімелеген. 2025 жылы Виктор Гюгоның «Собор Парижской Богоматери» романын аударған. 2025 жылы Рымбала Кенжебайқызы Смаилованың 80 жасқа толуына орай Алматы қ. Ұлттық кітапханада және Қарағанды қаласы Н. Гоголь ат., М. Әуезов атындағы кітапханаларда кездесу өткізілді. 2026 ж. Астана қаласында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Виктор Гюгоның «Париждегі Нотр-Дам соборы» кітабының таныстырылымында кітапхана директоры Күміс Сейітова Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Алидің Алғыс хатын табыстады.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Аудармашылар Санат:Қазақстан аудармашылары Санат:Редакторлар Санат:Қазақстан редакторлары