Норвег теңізі — Солтүстік Мұзды мұхиттың шеткі теңізі. Cкандинавия түбегі,Шетленд, Фарер, Исландия, Ян-Майен, Аюлы аралдарының аралығында. Аумағы 1,34 млн. км², ең терең жері 3970 м. Норвегия жағалауы қайраңды (Лофотен банкісі және т.б.). Теңіз суының температурасы ақпанда 2 – 7°С, тамызда 8 – 12°С. Тұзд. 34 – 35%. Жарты тәуліктік толысу (3,3 м) байқалады. Балыққа бай. Басты порттары: Тронхейм, Нарвик, Тромсе, Тросхавн.

Санат:Норвег теңізі