Кура — Кавказ елдеріндегі ең ірі өзен. Түркия, Грузия, Әзербайжан мемлекеттерінің аумағынан өтеді. Өзен Грузия мен Әзірбайжандағы бірнеше су электр стансаларын қуатпен қамтамасыз етеді. Су электр стансалары су тасқыны кезінде өзеннің су деңгейін бақылау үшін пайдаланылады. Өзен Әзербайжан аумағында Иевлах қаласынан Каспий теңізіне дейін кеме қатынасына жарамды.
Атаудың сөзжасамдық сипаты Лингвист В.А.Никонов өзеннің ежелгі грек Курос/Корос атауларын атап өтеді. Страбонның айтуынша, өзен парсы патшасы Кирдің құрметіне аталған. Сондай-ақ, Кура Зевстің қызы, ал Агван тілінде бұл "су қоймасы, өзен, су" деген мағынаны білдіреді.
Сипаттамасы Кураның негізгі бөлігі Үлкен және Кіші Кавказ жоталары арасында орналасқан кең, аласа аңғар арқылы ағады. Жоғарғы ағысы таулы, ал төменгі ағысы кең жазықтар мен далаларға таралған. Оның жалпы ұзындығы 1515 шақырым, оның 174 шақырымы Түркияда, 435 шақырымы Грузияда және 906 шақырымы Әзірбайжанда. Өзен Түркиядағы Аллахуекбер тауының солтүстік-шығыс беткейіне жақын жерде 2740 метр биіктіктен басталып, оңтүстік-шығысқа қарай Кавказ тауларына параллель ағып, Каспий теңізіне құяды.
Галерея
Дереккөздер
Санат:Әзербайжан өзендері Санат:Түркия өзендері Санат:Грузия өзендері Санат:Каспий теңізіне құятын өзендер