Санжар Серікұлы Аспандияров (10 ақпан 1968, Алматы – 25 мамыр 2026) — қазақстандық ғалым-математик, халықаралық деңгейдегі қаржыгер. Сорбонна университетінде докторлық диссертация қорғаған және дәріс оқыған алғашқы қазақ.

Өмірбаяны Аспандияров 1968 жылғы 10 ақпанда ғылымдар әулетінде дүниеге келген. Оның атасы — Біләл Аспандияров, тарихшы, лингвист әрі ағартушы. Әкесі — Серік Біләлұлы Аспандияров, ғалым-физик, жоғары қысымды алмаз камерасын жасаушы.

Алматы қаласындағы №56 орта мектепті 14 жасында белгілі педагог Архимед Ысқақовтың сыныбында аяқтаған. 15 жасында ол туралы жас математик ретінде деректі фильм түсірілді.

Білімі мен ғылыми жолы

М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетін үздік тамамдаған. Франциядағы Жоғары қалыпты мектептің (École normale supérieure) докторантурасында білімін жалғастырған. Сорбонна университетінде докторлық диссертация қорғап, кейін осы оқу орнында дәріс берген алғашқы қазақстандық өкіл болды. Жапония, Франция және Қытайдың мемлекеттік бағдарламаларының стипендиаты атанып, Жапония, Еуропа және Американың жетекші университеттерінде сабақ берді. Бес тілді, соның ішінде жапон және қытай тілдерін еркін меңгерген.

Кәсіби қызметі Қаржы саласындағы аналитикалық және стратегиялық қызметі бойынша халықаралық ірі ұйымдарда Credit Suisse және Citigroup (Лондон), Barclays Capital (10 жылдан астам уақыт) жұмыс істеді.

2026 жылғы 25 мамырда 58 жасына қараған шағында қайтыс болды.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан математиктері Санат:Қазақстан қаржыгерлері