Hearts of Iron IV, қысқартылған түрде HOI4 — шведтік Paradox Development Studio әзірлеген және Paradox Interactive шығарған екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіне орналасқан стратегиялық ойын. Осы сериядағы соңғы шыққан ойыны (2016 жыл).
Ойын процесі HOI4 — бұл әскери-саяси басқарудың терең жүйелері бар глобальды стратегия. Ойыншы 1936 немесе 1939 жылдарды бастапқы кезең ретінде таңдап, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанға дейін кез келген мемлекетті басқара алады.
Негізгі элементтерге мыналар жатады:
Әскери өндіріс және логистика: Ойыншы зауыттарды басқару, ресурстарды тауып өндіру, әртүрлі бөлімшелер мен кемелер, ұшақтар сияқты әскери техника жасау арқылы өз экономикасы мен әскерін құрады.
Ұрыс жүйесі: Соғыс майдандарында дивизияларды басқару жүргізіледі. Шебіні бұзу, қоршауға алу сияқты тактикалар маңызды рөл атқарады.
Технологиялық зерттеу: Ойыншы әскери технологияларды, доктриналарды және өнеркәсіпті дамыта отырып, өз мемлекетінің артықшылықтарын жасай алады.
Саяси жүйе: Мемлекеттің басқару нысанын өзгертуге, дипломатиялық одақтар құруға, келіссөздер жүргізуге болады. Сондай-ақ, тылдағы қуғын-сүргін, тәртіп пен ерікті саясат жүргізуге болады.
Фокус ағаштары: Бұл ерекше жүйе әр мемлекетке тарихи оқиғаларды орындауға, жаңа мүмкіндіктер ашуға және тарих бағытын өзгертуге мүмкіндік береді.
Ойынның ерекшеліктері Тарихи дәлдік: Ойында екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі нақты мемлекеттер, лидерлер, технологиялар мен әскери бөлімшелер көрсетілген.
Ашық әлем: Ойыншы тарихты өз қалауы бойынша өзгерте алады. Мысалы, КСРО монархияға айналып, Осман империясын қайта құруы мүмкін.
Көптеген DHL-дер: Ойынға шыққаннан бері әлемдік саясатты, соғыс оқиғаларын жандандыратын көптеген DLC-лер шықты.
Ойын сыны HOI4 стратегия әуесқойлары арасында жоғары бағаланды, бірақ күрделілігі үшін сынға ұшырады. Кейбір сыншылар ойынның бастапқы версияларында мүмкіндіктердің шектеулі болуын, AI әрекеттерінің жетілмегендігін атап өтті. Дегенмен, дамытушылар тұрақты жаңартулар арқылы ойынды жетілдіруді жалғастыруда.
+ Рейтингтер Басылым Бағасы GameRankings 80,23 % Metacritic 83/100 Игромания 9,0/10 IGN 9/10 Downloadable content 2016 Together for Victory 2017 Death or Dishonor 2018 Waking the Tiger 2019 Man the Guns 2020 La Résistance 2020 Battle for the Bosporus 2021 No Step Back 2022 By Blood Alone 2023 Arms Against Tyranny 2024 Trial of Allegiance 2024 Götterdämmerung 2025 Graveyard of Empires 2025 No compromise, no surrender 2026 Peace For Our Time 2026 Thunder at Our Gates
Дереккөздер
Санат:Екінші дүниежүзілік соғыс туралы компьютерлік ойындар