Гёте Линк атындағы обсерватория — АҚШ-тағы Индиана университеті қарамағында істейтін астрономиялық обсерватория.

Басында Индианаполистегі хирург әрі әуесқой астроном Гёте Линктің жеке меншігінде болды. 1948 жылы ол обсерваторияны университетке сыйлады.

1949 бен 1966 жылдары аралығында мұнда Кук триплеті жүйесіндегі астрографтың көмегімен Индиана астероидтық бағдарламасы (Indiana Asteroid Program) жүзеге асырылған еді. Нәтижесінде 119 жаңа астероид ашылды.

1950 жылы ашылған (1602) Индиана астероиды университеттің құрметіне аталды. Ал 1964 жылы ашылған (1728) Гёте Линк обсерваторияның негізін қалаған адамның есімімен аталды. Екеуін де аталған бағдарламаның аясында ашқан еді.

Тағы қараңыз Обсерваториялар тізімі Дереккөздер

Санат:АҚШ астрономиялық обсерваториялары Санат:Индиана университеті