Шарбан Мұсабекқызы Майгелдиева (24 қыркүйек 1956 жылы туған, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Қызылорда облысы) — педагог, педагогика ғылымдарының докторы (2010). Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі (2016). Сыр елі.Энциклопедия. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024. – 452 б.

Өмірбаяны 1978 жылы Қызылорда педагогикалық институтын (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті) бітірген.

1978–1980 жж. — Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі №36 орта мектепте мұғалім; 1980 жылдан — Қызылорда институтында (университетінде) оқытушы, аға оқытушы, доцент; 1989–2015 жж. — педагогикалық бағыттағы кафедралардың меңгерушісі; 2015 жылдан — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры; 2019 жылдан — университет жанындағы мамандандырылған диссертациялық кеңестің төрайымы.

Ғылыми және педагогтік қызметі Ғылыми зерттеулері педагогика мен жоғары білім беру әдістемесіне бағытталған. «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларының, сондай-ақ колледждерге арналған «Қазақ мектептеріндегі орыс тілі» мамандығының типтік жоспары мен бағдарламасының авторы.

Бірнеше республикалық және халықаралық ғылыми жобаларға қатысқан. Оның жетекшілігімен 12 философия докторы (PhD) даярланды.

190-нан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 4 монография, 2 оқулық, 13 оқу-әдістемелік құралдың және Web of Science мен Scopus дерекқорларына кіретін журналдардағы 13 мақаланың авторы.https://korkyt.edu.kz/files/222/Kafedry/Psihologo-ped%20obrazovanie/Psihologo%20Ped/Maigeldieva-k.pdf

Марапаттары мен атақтары Педагогика ғылымдарының докторы (2010) Қазақстан Педагогикалық ғылымдары академиясының академигі (2016) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2016) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасы (2 мәрте) Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты (2 мәрте) Қызылорда облысының құрметті ардагері (2026)

Дереккөздер

Санат:Педагогика ғылымдарының докторлары Санат:Педагогтар Санат:Қазақстан педагогтары