Жайлаухан (Дауыл) Қайроллин (3 тамыз 1946-2022) - Қазақстанның еңбегі сіңген әртісі, танымал әнші.

Өмірбаяны

Жайлаухан 1946 жылы 3 тамызда Шығыс Қазақстан облысының, Күршім ауданы Құйған ауылында туған. Еңбек жолын 1962 жылы туған жерінде жұмысшы ретінде бастаған. Балалық шағынан өнерге қызығушылығы жоғары болып, көркемдік үйірмелерге қатысып, аудан көлемінде «әнші бала» атанған. 1969 жылы Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы саз колледжін бітірген соң, облыстық филармонияға әнші болып жұмысқа орналасқан. 1984 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ән факультетіне түсіп, оны 1990 жылы бітірген. Онда өнер жұлдыздарынан көп өнеге алды. Консерваторияда ол халық әншілері Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, Р.Абдуллин сынды өнер майталмандарымен бірге сахнаға шықты. Шығармашылығы Қайролиннің дауысы лирикалық баритон, толық диапозонды, ерекше әдемі тембрі бар. Ол халық әндерін, халық композиторларының шығармаларын, классикалық әндер мен шетел сазгерлерінің туындыларын шебер орындады. Тәуелсіздігіміздің бір жылдығына орай Мәскеуде Чайковский атындағы концерт залында өткен республикалық мерекелік концертте өнер көрсетті. Бұл концертте қазақ, орыс, украин халық әндерін ерекше шеберлікпен орындап, көрермендердің құрметіне иеленді. Қайроллин Қазақстанның әдебиет, мәдениет және өнер онкүндіктерінде Украина, Молдавия, Азербайжан секілді ТМД елдерінде өнер көрсетіп, ұлттық өнерін танытты, Оның репертуарында Қазақстан композиторлары У. Айдаболов, М. Рахымбаев, Б. Сыбанов, Т. Рахимовтардың әндері болды. Сонымен қатар, Гендель, Массоне, Шуберт, Чайковский, Әсет және Абай шығармалары бойынша жазылған кәсіби кассеталары бар. Ұстаздық қызметі Жайлаухан (Дауыл) Қайроллин 1976 жылдан бастап ұстаздық қызметпен айналасып, өзінің мектебінен бірнеше өнерпаз шәкіреттер тәрбиеледі. Олардың ішінде Павленко мен Алматы консерваториясының түлегі Нұрлан Көшеров бар. Жайлаухан Қайроллин 2002 жылы дүниеден озды.