Қайырбек Шағыр (шын аты-жөні Шағыр Қайырбек Семейғазыұлы; 16 желтоқсан 1972 жыл, Абыралы ауданы, Семей облысы) — қазақ журналисті, ақын және аудармашы. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Өмірбаяны Қайырбек Шағыр 1972 жылы 16 желтоқсанда бұрынғы Семей облысының Абыралы ауданында дүниеге келген. 1990 жылы «Ақбұлақ» орта мектебін бітірген. 1990–1992 жылдары әскери қызмет атқарған.

Әскерден кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне түсіп, жоғары білім алған.

Еңбек жолын Абыралы аудандық «Жаңғырған Абыралы» газетінде әдеби қызметкер және аға тілші болып бастаған. 1996 жылы Алматыдағы республикалық ғылыми-педагогикалық «Қазақстан мектебі» журналына тілші болып қабылданған. Кейін журналда бөлім редакторы және жауапты хатшы қызметтерін атқарған.

2002 жылы жаңадан жарық көрген «Тәрбие құралы» журналының бас редакторы болып тағайындалып, 2011 жылға дейін осы қызметті атқарған. Кейін «Жас спортшы» журналында бөлім редакторы қызметін атқарған.

Педагогикалық баспасөз саласындағы еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» белгісімен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Шығармашылығы Қайырбек Шағыр поэзия, публицистика және аударма салаларында еңбек етеді. Аудармашы ретінде деректі фильмдер мен танымдық кітаптарды, сондай-ақ шетел поэзиясының бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Ақынның «Тартылыс» (2006), «Жол ережесі» (2010), «Домбыраға шаң қонбаса…» (2012) атты поэзиялық жинақтары жарық көрген. Сонымен қатар «Жақсыменен отырған жарты сағат» (2012) атты мақалалар жинағының авторы.

Қайырбек Шағыр республикалық жыр мүшәйраларына қатысып, жүлдегер атанған.

Шығармалары

«Тартылыс» — 2006 «Жол ережесі» — 2010 «Домбыраға шаң қонбаса…» — 2012 «Жақсыменен отырған жарты сағат» — 2012

Интернетте жарияланған шығармалары

«Жүректің құрылысының формуласы» «Алаштың Ахметі – ғұламасы» «Жердегі «жұлдыздар» «Мазасыз әлем» «Мәңгілік қала Алматы – Алаштың бағы!» «Беу, Төлеген...» «Қоңыз» «Жерорта теңізінде» «Ыстамбұл» «Сұлулық туралы ой» «Е г е р ...» «Қабанбай батыр»

Марапаттары

«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» белгісі; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталары; республикалық жыр мүшәйраларының жүлдесі.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Zharar сайтындағы «Жүректің құрылысының формуласы» шығармасы Zharar сайтындағы «Алаштың Ахметі – ғұламасы» шығармасы Zharar сайтындағы «Жердегі «жұлдыздар» шығармасы

Санат:Қазақ ақындары Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қазақ аудармашылары Санат:1972 жылы туғандар Санат:Семей облысында туғандар