Қызылқоға ауданындағы денсаулық сақтау ісі (1898-1913 жж.) — Тұрғындардың денсаулығын қорғау жөнінде қазан төңкерісіне дейінгі атқарылған жұмыстар. Әдеттегідей бұл мәселеге ерекше мән берілді. Соған орай бірнеше емдеу мекемелері жұмыс жасады.
Ауылдық дәрігерлік телімдерге бағыныс Қызызылқоға болыстары орналасу жағдайларына (бағынған қисымдарына орай) әртүрлі ауылдык дәрігерлік телімдерге (учаскелер) кірген еді. Олар Калмыков уезіндегі — б-шы Калмыков ауылдық дәрігерлік теліміне, Гурьев қисымындағы — 7-ші Гурьев ауылдық дәрігерлік теліміне, Темір қисымындағы — 8-ші Ойыл ауылдық дәрігерлік теліміне және Орал қисымындағы — Жымпиты ауылдык-дәрігерлік теліміне бағынды. Патша шенеуніктері атауды жазғанда «емші» (лекарь) деп көрсеткен.
6-шы Калмыков ауылдық дәрігерлік телімі 1911 ж.бастап - Қызылқоға ауылдық дәрігерлік телімі.
Емшілері: 1897 ж. — бос тұрды 1898-1900 жж. — Гуминский Александр Петрович 1901-1903 жж. — Шанявский Ос. Дионис 1904 ж. — бос тұрды 1905 ж. — Новиков Александр Ив. 1906-1908 жж. — бос тұрды 1909-1911 жж. — Парфенов Вониф. Васильевич 1912-1913 жж. — бос тұрды.«Статистический обзор Уральской области». Саратов, 1897-1899 гг.; Уральск, 1900-1915 гг.
13-ші Қызылқоға ауылдық-дәрігерлік телімі Ілбішін уезінің Индер, Қаракөл болыстарын, Гурьев уезінің Кермеқас, Қарабау, Қызылқоға және Тайсойған болыстары қамтылды (дәрігері — коллегиялық асессор В.В. Парфенов, Орал қаласында отырды).
7-ші Гурьев ауылдық дәрігерлік телімі 1900-1908 жж. емшісі — Ширявсков Ник.Карпович (1991 Новиков Александр Ив. (1906-1908).«Статистический обзор Уральской области», Уральск, 1902-1910
8-ші Ойыл ауылдық дәрігерлік телімі Тайсойған болысы көпке дейін «Ойыл телімінің» құрамында болып 1911 жылығана «Қызылқоға ауылдық дәрігерлік теліміне» кіргізіледі.
Емшілері: 1897 ж. — бос тұрды 1898-1900 жж. — Кучевский Антон Игн. 1901 ж. — бос тұрды 1902-1903 жж. — Маржецкий Влад. Влад. 1904-1906 жж. — бос тұрды 1907-1908 жж. — Серебряников В.В.
Жымпиты ауылдық-дәрігерлік телімі 1911 ж. бастап - Оңтүстік Жымпиты ауылдық дәрігерлік телімі. Кейінірек құрылған Сабынкөл болысы да басқа телімде болып келген.
Телімдік (учаскелік) ауылдық кіші дарігерлік кызметкерлер
Ауылдық фельдшерлер Халықты барынша дәрігерлік қызметпен қамтуды көздеген жергілікті өкімет орындары «ауылдық фельдшер» лауазымын тағайындады. Қызылқоғада мұндай абзал жандар еңбек еткен. Төменде Қызылқоға өңірінде 1917 жылғы Қазан төңкерісінен бұрын халық денсаулығын сақтау жолында күрескендердің деректері берілген.
Алтыншы телімнің ауылдық фельдшерлері Яковлев — 1896-1903 жж. Забродин — 1904-1908 жж. Ларшин — 1909-1910 жж. Першин — 1910 ж.«Статистический обзор Уральской области». Саратов, 1897-1899 гг.; Уральск, 1900-1912 гг.
Ойыл телімінің ауылдық фельдшерлері Шанталов — 1896-1902 жж. Кротов — 1903-1907 жж. Құтымбетов — 1908 ж. Галиев — 1909-1910 жж. Максимов — 1910 ж.
Ауыл әйелдерін босандырушы фельдшер Қызылқоға табиғатының қиындығы мен келушілер тарапынан қазақтардың ортасына бейімделудің сирек қалыптасуы салдарынан бұл жұмыс орны көп уақыт бойына бос тұрды. Дегенмен, сол кезеңде аз-кем болса да жұмыстар жүргізілді. Калмыков телімінде Колпакова Вал. Ник. (1896, 1998-1901), Дубровина (1908), Талактова Л.Я. (кедейлерге тегін көмек көрсету үшін Орал қаласынан іссапарға жіберілді) жұмыс істеді. Ойыл телімінде Демешева Анаст. Ник. (1901-1902), Истомина (1907-1910), Талактова Л.Я. (1909-1910) жұмыстарын атқарды.
1911 жылдан бастап әйел босандырушы қызметкерлердің мекен жайлары өзгеріске ұшырады: енді Жымпиты кентінің 25 кереуеттік земстволық қазақ ауруханасындағы, әйел босандырушының лауазымын атқарушы В.А.Бородина, Ойыл кентінің 8 кереуеттік ауылдық ауруханасындағы әйел босандырушының лаузымын атқарушы М.И.Истомина, Қызылқоға базарындағы 2 кереуеттік науқастарды қабылдау бөлімінің әйел босандырушы (бұл жылы осы орын бос тұрды) жүкті әйелдерге көмек көрсетуге міндетті болды. Қызылқоға базарындағы науқастарды қабылдау бөліміне әйел босандырушы болып А.Н.Демешева еңбек етті.
Науқастарды қабылдайтын бөлім (Приемный покой)
Қызылқоға базарында науқас адамдарды қабылдайтын 2 кереуеттік бөлме 1906 ж. бастап Қызылқоға базарында науқас адамдарды қабылдайтын 2 кереуттік бөлме жұмыс жасады, оның жұмысына 6-шы ауылдық дәрігерлік телімнің дәрігері басшылық берді. Бөлме облыстық земетво қаражатының негізінде қызмет етті. 1912 жылы бұл 13-ші ауылдық-дәрігерлік телімге бағынды, оны Першин басқарды, фельдшері — Ларшин (Индер ставкасында отырды), акушерка-фельдшердін орны бос тұрды, телім дәрігері Парфенов Орал Земстволык ауруханасына жіберілген болатын.«Статистический обзор Уральской области». Уральск, 1914-1915 гг.
Қызылқоғалықтарды қамтыған басқа уездік дәрігерлік мекемелер Жымпиты кентінің 1888 жылы құрылған, 25 кереуеттік земстволық қазақ ауруханасы 1911 жылы мұнда дәрігер Күсепқалиев Дәулетшах Жүсіпкерейұлы; фельдшерлер Базанов, Пальгов, Корин; әйел босандыратын фельдшер В.А.Бородина жұмыс жасады. 1912 жылы фельдшерлер Корин, Иморин, Занин, 1913 жылы фельдшерлер Илюхин, Наурызалин, Матросов өз жұмыстарын атқарды.
Ойыл кентінін 8 кереуеттік ауылдық ауруханасы 1911 жылы мұнда фельдшерлер Ғалиев, Максимов; әйел босандыратын фельдшер М.И.Истомина, 1912 жылы дәрігер Х.Д.Досмұхамедов; фельдшерлер Давыдов, Максимов, 1913 жылы фельдшерлер Ғалиев, Анчиков, әйел босандыратын фельдшер Е.Махорина жұмыс жасады.
Дереккөздер
Санат:Қызылқоға ауданы Санат:Атырау облысы тарихы