Каспий өңіріне жасақталған экспедициялар ( І-Петр тұсында) — Ресей тарихындағы XVIII ғасыр жаңа кезеңмен – І Петр реформаларымен сипатталады. Қазақстан өзінің тиімді стратегиялық орналасуына байланысты Ресейдің сыртқы саяси жоспарларында ерекше орын алды. І Петр оны «Азия елдері мен жерлеріне апаратын кілт әрі қақпа» деп санады және елші Тәукеловтің айтуынша, былай деп мәлімдеді: «Қырғыз-қайсақ ордасы Ресейдің қамқорлығында болуы тиіс, сонда біз олар арқылы барлық Азия елдерімен байланыс орнатып, Ресей тарапы үшін пайдалы әрі тиімді шараларды жүзеге асыра аламыз».Дорофеев В.В. Над Уралом - рекой. – Челябинск, 1988 – 272 с.

І Петрдің билік құрған кезеңінде Қазақ өлкесін табиғи-географиялық тұрғыдан зерттеу ісі жанданды. Пайдалы қазбаларды іздеу мақсатында жаңа экспедициялар ұйымдастырылды. 1714 жылы І Петр Азияның терең түкпіріне ену үшін екі әскери экспедиция жіберді: бірін Каспий өңірінен Бекович-Черкасский, ал екіншісін Сібірден Бухгольц басқарды. Александр Бекович-Черкасскийдің экспедициясы Каспий жағалауына екі рет – 1714 және 1717 жылдары – барып, құрлық арқылы мына бағытпен жүрді: Астрахан – Гурьев (Атырау) – Ембінің төменгі ағысы – Үстірт – Хиуа.Имангулова Т.В., Саванчиева А.С. История географо-краеведческих исследований территории Прикаспийской низменности

Александр Бекович-Черкасскийдің экспедициясы I Петр бірқатар экспедицияны дайындап, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Соның бірі Александр Бекович-Черкасский экспедициясы болды. Ол тегі жағынан кабардин князы әулетінен шықкан, өз кезінде жақсы білім алды, 1708-1709 жж. Голландияда теңіз ісін оқыды, қайтып келгеннен кейін Преображенский полкі құрамына енеді. Өзінің қызметтік міндетін жақсы орындаумен көзге түсті. 2 маусым 1714 жылы I Петр «Преображенск полкі капитан поручик Александр Бекович-Черкасскийді Дария өзені жоталарынан іздеу үшін…жіберу туралы» бұйрық шығарады. Бұл кезде Ресейде Орталық Азия мемлекеттері туралы, аймақтың географиясы туралы мәліметтер аз болатын.Вилинбахов В.Б.Александр Черкасский - сподвижник Петра 1/ Под ред. проф. Т.Х.Кумыкова. - Нальчик: Кабард.-Балкар. кн. изд-во, 1966. - 56 с. нобай|оңға|250px|Каспий теңізін Ресейдің зерттеуі және игеруі 14 ақпан 1716 жылы I Пётр Бековичтің өзіне мынадай нұсқауды береді: Әмударияның бұрынғы арнасын зерттеп, мүмкіндік болса, оны қайтадан сол ескі арнасына бұру; Хиуа ханын Ресей билігін мойындауға көндіру; Хиуаға барар жол бойында, әсіресе Әмудария сағасында қажетті жерлерде бекіністер салу; Ол жерде бекініс орнатқан соң, Бұхара ханымен байланыс орнатып, оны да Ресей билігін мойындауға көндіру; Сауда жолын ашу мақсатында Хиуадан Үндістанға (Хиндустанға) саудагер кейпінде поручик Кожинді жіберу және алтын кен орындарын барлау үшін тағы бір білікті офицерді Эркетке аттандыру.

Бековичтің қарамағында 4000 тұрақты әскер, 2000 жайық және гребен казактары, 100 драгун болды; сонымен қатар экспедицияда бірнеше теңіз офицерлері, 2 инженер, 2 көпес болды. 1716 жыл Астраханьда дайындықпен өтті. Мұнда Бекович теңіз жағалауын зерттеді. Нәтижесінде, Каспий теңізінің бірінші картасын жасады. Осы еңбегі үшін гвардия капитаны атағын алды. 1716 жылы кыркүйекте Астраханнан Каспий теңізіне бағыт алып, Түпқараған мүйісінде, Александровск шығанағында және Қызыл су жотасына тоқтайды.Омаров О. Ю. Отважный исследователь Каспийского мор (А. Бекович-Черкасский). - Махачкала: Дагкнигоиздат, 1965. Барлық жерлерге қамал салу үшін отрядтарын қояды. Қызыл су жотасында Бекович Әмударияның бұрынғы сағасын табуды көздеді, Хиуаға екі елшіні жібереді (олар қайтып оралмайды), ал өзі Астраханьға кері қайтады. Жаңа әскерлерді жинақтап, 1717 ж. көктемде ол құрғақ жермен Хиуаға кетеді. Бекович отряды туралы ешқандай хабар болмағандықтан, ол Гурьевті тастап, оңтүстікке Хиуаға бағыт алғаны туралы айтылады. Ахметов деген казактың келуімен сәтсіздіктер болды, тұтқыннан құтылған отрядың басқа мүшелерінің де әсері болды. Кейін капитан Бекович-Черкасский отряды толық жойылды.

XVIII ғ. екінші жартысындағы М.В.Ломоносовтың жоспарымен ұйымдастырылған экспедициялар (П.С.Паллас, И.И.Лепехин, С.Г.Гмелин) нобай|оңға|200px|Иван Иванович Лепёхин. Батыс Қазақстан аймағын, Жайық өңірін зерттеді И.И.Лепехин (1740-1802) — Ломоносов ғылыми мектебінен өткен. Оның экспедициясы 1768-1773 жылдары жасаған. Ғалымның «Күнделікті жазбалары» еңбегінде Оралдың Верхотурья, Екатеринбург, Орынбор, Соликам жерлеріне сипаттама жасаған. Ең алдымен, ол «Түменнен 160 шақырым жерде» жатқан Ирбитті зерттеді. И.И.Лепехиннің «Күнделікті жазбаларында» Орал халықтары: башқұрт, вогул (манси), пермяктар туралы жазды. Өлкенің түрлі халықтардың діни сенімдері, дәстүрлері туралы, Оралдың тау зауытының тарихы туралы жазбалар жазды.

П.С.Паллас (1741-1811) Берлинде Берлин медициналық коллегиясының мүшесі. Ол Ресейге ғылымдар Академиясының шақыруы бойынша келді. Ғалым 6 жыл бойы зертеу жұмыстарын жүргізді П.С.Палластың экспедиция бағыты көп жерлерде бастапқы кезде жарияланды. П.Паллас жинаған материал география, биология, этнография, тарих және т.б. бағытында болды.Паллас П.С. Путешествие по разным провинциям Российского государства. - Спб., 1773-1778. Сонымен бірге Паллас «Бұхара туралы… тауарларға қатысты табиғи байлықтарды көрсетті. Оңтүстік Орал қалалары, Исет туралы, Челябідегі қызықты оқиғаларды сипаттады.

Жайық желісі бойынша бекіністерді де көрсетті. Атырау өңіріндегі Жайық пен Жем аралығында мұнай кені бар екені ерте заманнан белігілі болған. Тіпті сол кездің өзінде-ақ жергілікті көшпенді қазақтар жер бетіне шығып жатқан қимайды /мұнайды/ сүзіп алып, түйенің немесе адамның қотырын емдеуге қолданған. XVIIIғ. мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында Жайықпен Жем өңірінде жер қойнауын зерттеушілердің пайда болғаны белгілі. И.Лепехин /1768/, П.И.Рычков /1772/, П.С. Паллас 1773/, С.Г.Гмелин /1785/, Г.Гельмерсен /1836/, тағы басқалары Атыраудың географиялық және топографиялық құрылымына, су қорлары мен кен байлықтарына қысқаша геологиялық сипаттама берді.

Атырау жерінде жүргізілген географиялық зерттеулер нобай|оңға|200px|Э.А.Эверсман. Арал – Каспий өңірі мен Батыс Қазақстанның табиғатын зерттеуші нобай|оңға|200px|Ф.Ф.Берг. 1825–26 ж. Үстіртке жіберілген экспедицияның басшысы. Орынбор өлкесінің табиғаты туралы XIX ғасырдың 20-жылдарында орыс елшісі А.Негридің экспедициясы құнды мағлұматтар жеткізді. Бұл экспедиция Бұхар хандығы мен сауда-саттық байланыстарын кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру мақсатымен жасақталған. Оның құрамына бас штабтың полковнигі Е.К.Мейендорф пен натуралист-ғалым Э.А.Эверсман кірді. Экспедицияның жолы Орынбордан шығып, Арал төңірегіндегі Қарақұм, Сырдария өзені және Қызыл м арқылы өтті. Оған қатысушылар Бұхар хандығына дейінгі олды суреттеп жазуменқатар бір дюймге 50 шақырым өлшемге жасады. Е. Мейендорф (1826жыл) бастырып шығарған картада Жаңадария өзенінің көне картасымен екі өзен аралығындағы жер бедері түсірілген.

Экспедицияның жолы Орынбордан шығып, Арал төңірегіндегі Қарақұм, Сырдария өзені және Қызылқұм арқылы өтті. Оған қатысушылар Бұхар хандығына дейінгі жолды суреттеген. Е.Мейендорф (1826жыл) бастырып шығарған картада Жаңадария өзенінің көне картасымен екі өзен аралығындағы жер бедері түсірілген. Э.А.Эверсман Орынбор территориясының табиғаты туралы көптеген қызғылықты мағлұматтар берді. Ол 1825-1826 жылдары Үстіртте Ф.Берг экспедициясының құрамында, ал 1827 және 1829 жылдары Бөкеев ордасында Г.С.Карелин отрядында жұмыс істеді. Орынбор өлкесінде жүргізген көп жылдар бойғы зерттеулерінің нәтижесінде ғалым «Орынбордан Бұхарға саяхат» және үш томдық «Орынбор өлкесінің жаратылыс тарихы» (1840-1866 жылдар) атты еңбектер жазды. Соңғы шығармасының бірінші бөлімінде автор Батыс Қазақстанның табиғат жағдайларын талдап, қорытындылаған. Ғалым Үстірттің тұңғыш анықтамасын беріп Э.А.Эверсманның айтуы бойынша Үстіртті құрайтын қабаттар көлбей біткен және тау жыныстары үш түрлі шөгінді (маргельдерден), жақпар тастан және борпылдақ жыныстардан түзілген дейді.

Құрамына Ф.Ф.Берг, В.Д.Волковский, Б.Лемм, П.Ф.Анжу, Э.А.Эверсман кірген экспедицияның Каспий теңізін және оның шығыс жағалауын зерттеулері қыруар географиялық деректер берді. Каспий теңізінен бастап Үстірт арқылы Арал теңізіне дейінгі бірқатар географиялық нысандардың геологиялық құрылымы, орографиясы және су жүйесі зерттеліп, шекаралары мен қашықтығы анықталды. Шығысқа қарай басқыншылық ниетпен жылжыған орыс империясының Маңғыстау жеріне қадам басуына Г.С.Карелин бастаған экспедицияның атқарған рөлі зор болды. Ол басқарған үлкен экспедиция 1832-1836 жылдар арасында үзіліс жасай отырып, Каспий теңізінің шығыс жағалауында Орал балық аулау аралдарын зерттеу мақсатымен деген желеумен тыңғылықты жұмыс жүргізді. Ал, шын мәнісінде оның түпкі мақсаты, оған берілген құпия тапсырма Россияның басқыншылық саясатын іске асырудың қамы еді. Нақтылап айтсақ, Карелин экспедициясының түпкі мақсаты Ембі өзенінің құйылысынан бастап, Парсы шығанағына дейінгі аралықтағы Каспийдің шығыс жағалауларын топографиялық картаға түсіріп, бекініс орналастыратын қолайлы жер іздестіру, жер-су жағдайын шолу, онда мекендеген адай елінің психологиялық жай жапсарын білу және олармен сауда қарым қатынасын жасауға жол ашу, сөйтіп, біртіндеп сенімдеріне ие болу еді. 1832 жылдың 10 мамыр - 16 тамыз айлары арасында Карелин басқарған экспедиция Бозашы, Маңғышлақ жарты аралдарын және Ембі өзен құйылысы маңын мекендеген адайлар жайлы мәліметтер жинақтап үлгерді. Осы мәліметтер бойынша қорытынды жасаған Карелин Россияның Орта Азиямен сауда саттық және саяси байланысына бұл аймақтың кілт бола алатындығын айтады. Бірақ түбегейлі келіп коныс тебуге, адайларды колония жасауға үміттің аз екенін білдіреді.Путешествия Г.С.Карелина по Каспийскому морю. - СПб : Тип. Имп. Акад. наук, 1883. - VI, 497 с.; 6 л. карт. - (Записки имп рус.геогр. о-ва по общей географии; т. 10)

Карл Максимович Бэр Еділ, Жайық өзендері аңғарларында, Маңғыстау түбегінде болды, теңіздің балық қорын анықтады. Экспедицияның зерттеулері нәтижесінде Каспий теңізінің физикалық географиясы жасалды. Теңіз деңгейінің күрт құлдырап бара жатқанын, оның нәтижесінде теңіз жағалауындағы судан босаған жерлерде құмды төбешіктердің пайда болғанын ашты. Кейін олар «Бэр төбешіктері» деп аталды. Еділ өзені жағалауын зерттеп, меридиан (бойлық) бағытта ағатын өзендердің оң жағы тік, яғни аңғарлары асимметриялы болатындығын бірінші болып түсіндірді.

Дереккөздер

Санат:Ғылыми зерттеулер Санат:Экспедициялар