Үржар тарихи-өлкетану музейі — Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің Үржар ауданы Үржар ауылындағы филиалы. Тарихы Үржар тарихи-өлкетану музейі 2012 жылы аудан әкімі Бауыржан Жанақовтың бастамасымен құрылды. Музей қоры ауданды мекен етіп отырған ұлт өкілдерінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен сыр шертетін жәдігерлерден жинақталған. Музей «Археология», «Үржар – Барқытбел табиғаты», «Үржар өңірінің тарихы», «Сыр шерткен ғасырлар», «Алаш идеясы – тәуелсіздік тұғыры», «Үржарлықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Этнография» бөлімдерінен тұрады. 2013 жылы музей Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі құрамына өтіп, филиал ретінде қызметін жалғастырды.
2015 жылы Тарбағатайдың Ақперілі шыңында орналасқан таңбалы тастарға ғылыми-зерттеу экспедициясы ұйымдастырылды.
2016 жылы ҚазМУ ғалымдарымен бірлескен археологиялық қазба жұмыстары Үржар ауданы, Таскескен ауылы маңындағы «Бұқпан» төбесіндегі сақ қорғандарына жүргізіліп, бірнеше моншақ және төрт сақ жебесі табылды.
2017 жылы ақын, сазгер Ә. Найманбайұлының 150 жылдық мерейтойына орай тұрақты экспозиция жасақталды.
Дереккөздер
Санат:Үржар ауданы