Альбомға бағытталған рок (, сөзбе-сөз «альбомдарға бағдарланған рок»), қысқартылған түрі AOR — мейнстримдік америкалық FM-радиостанциялардың форматы. Бұл форматта сахнада тірідей өнер көрсетуге мүмкіндігі жоқ студиялық музыкалық топтар, жеке орындаушылар немесе сайд-жобалардың музыканттары өнер көрсетеді. Бұл санатқа «біркүндік топтарды» да жатқызуға болады.

Алғашқы AOR-топтардың бірі өзінің бастапқы джаз-рок стиліндегі дыбысталуын радиоформатқа ауыстырған Journey тобы болды. AOR дыбысталуының стандарттары мыналар болып табылады: тартымды хуктар, риффті музыка, әуезді балладалар және вокалистің міндетті түрдегі жоғары әрі әдемі дауысы.Classic Rock, арнайы шығарылым, 1970 жж. Б. 76

Формат шекараларын анықтауы AOR форматы құрамдас бөліктерінің нәзік теңгеріміне байланысты оның нақты не екенін дөп басып айту қиын. Мысалы, пуристтер Kansas, Styx және Magnum топтарын помп-рок өкілдері ретінде қарастырады. Ал басқалары Foreigner мен Toto топтарын не «асау рокерлер» (мансаптарының алғашқы кезеңінде солай болды), не кейіннен екеуі де айналған «хит-парадтарды бағындырған баллада шеберлері» деп біледі. Қалай болғанда да, бұл бес топ AOR сахнасын анық көрсетеді.

1980–1990 жылдары формат шекараларының бұлыңғырлануы қайта басталды. мен Winger сияқты топтар AOR-дың бастапқы құрылымын күрделірек ырғақтық өрнектермен (алғашқысының альбомы) және музыкалық талғампаздықпен (екіншісінің альбомы) толықтырды. Bon Jovi, Def Leppard және Europe 1990 жылдары жанрдың алыптарына айналды, тіпті мейнстрим нарығы да олардың арбауында қалды. Көбінесе AOR термині қалыптасқан, түсінікті атау ретінде қолданылады. AOR-дың айрықша белгілері: әсерлі клавиштік аспаптармен сүйемелденетін және бақытсыз махаббат туралы мәтіні бар, жағымды әрі әдемі ән.

Тарихы

1980 жылдар: формат гүлденуі Ең үздік AOR альбомдарының көпшілігі 1980 жылдары жарық көрді, мелодик-рок пен AOR үшін бұл жылдар алтын ғасыр болды, олардың арасында Брайан Адамстың Reckless, Рик Спрингфилдтің «», REO Speedwagon тобының Hi Infidelity, Heart тобының Heart және Майкл Болтонның « альбомдары сияқты стандарттар бар. Journey, Survivor, Foreigner, Toto және топтары өздерінің ең үздік музыкасын 1980 жылдары шығарды.Classic Rock, арнайы шығарылым, 1980 жж. Б. 120 Сондай-ақ, үлкен табысқа кенеліп, AOR форматының сәтті болашағынан үміт үкілеген жаңа топтар да пайда болды. Көп ұзамай REO Speedwagon, Heart, Dokken, Mr. Mister, House of Lords, , Great White, Saga, Loverboy, , , Stryper және сияқты ұжымдар не хит әндер шығарып, өте бай әрі ауқатты болды, немесе өздерін жақын арада бұл міндетті түрде болатындай ұстады. Біраз уақыт бойы Ұлыбританияның да өзіндік AOR сахнасы қалыптасып, , Strangeways, , Heavy Pettin, Airrace, Shy, Alaska, , Grand Prix, топтары мен Робин Джордж үлкен үміт сыйлады. 1980 жылдар аяқталуға жақындап, MTV арнасының ықпалы кеңінен таралған сайын, жанрлар арасындағы шекаралар бұлыңғырлана бастады және хэйр-метал бағытындағы көптеген топтар да AOR анықтамасына сәйкес келе бастады. Көбіне өздерінің сыртқы имиджіне қатты мән беретін және баспасөздің назарын аударуды жақсы білетін Bon Jovi, Def Leppard, Mötley Crüe, Poison, Cinderella, Winger, Ratt, White Lion және Warrant сияқты топтар өз репертуарларын әуезді негізге және есте тез сақталатын қайырмаларға құрды. Бұған қоса, Брайан Адамс, Def Leppard, Europe, Bon Jovi, Extreme, Mr. Big және Ричард Маркстың британдық және америкалық хит-парадтарды жаппай бағындыруы үлкен серпіліс әкелді. 1990 жылдарға қарай AOR-дың позициялары мызғымастай көрінді, ал оның ең көрнекті өкілдері нағыз супержұлдыз мәртебесіне ие болды.

1990 жылдар 1990 жылдардың келуімен AOR танымалдығы күрт төмендеді. Джени Лэйн өзінің дыбыс жазу лейблінің кеңсесіне кіріп, өзінің Warrant ұжымы постерінің орнынан Alice in Chains тобының суретін қалай көргенін айтып берген.Classic Rock, арнайы шығарылым, 1990 жж. Б. 10 Slaughter да танымалдылығын жоғалта бастады, тіпті олар сұхбат беру үшін британдық музыкалық басылымдардың бірінің кеңсесіне келгенде, олардан кетуді сұраған. Уақыт сынын қабылдаған Bon Jovi тобы Keep the Faith альбомын жазды, ал Def Leppard даулы альбомын жарыққа шығарды. Көптеген AOR ұжымдары өздерінің музыкалық стилін гранжға ауыстырды. Рок-журналистер нағыз «мысқыншыларды аулау» науқанын жариялады, 1990 жылдары мелодик-рокқа оңай болған жоқ. Бірақ бәріне қарамастан, бұл онжылдықта да альбомдар шығып жатты, тек олар бұрынғыдай танымал болмады. Crown of Thorns, Hugo, Von Groove, , Heartland, Shotgun Symphony және Bone Machine сияқты топтар музыка жазуды тастаған жоқ, бірақ олардың альбомдары, әдетте, ірі емес, Escape Music пен қазіргі уақытта жабылған Now & Then Records сияқты тәуелсіз лейблдерде жарық көрді.

Белгілі альбомдары 1970 жылдардың ең үздік альбомдарыClassic Rock, арнайы шығарылым, 1970 жж. Б. 77.:  — Styx Evolution — Journey Boston — Boston Leftoverture — Kansas  — Starz Foreigner — Foreigner Broken Heart — The Babys Toto — Toto Sinful — Angel Survivor — Survivor

1980 жылдардың ең үздік альбомдарыClassic Rock, арнайы шығарылым, 1980 жж. Б. 121.: Raised On Radio — Journey Slippery When Wet — Bon Jovi Hysteria — Def Leppard 4 — Foreigner The Final Countdown — Europe Everybody’s Crazy — Michael Bolton Paradise Theater — Styx Toto IV — Toto Hi Infidelity — REO Speedwagon Indiscreet — FM

1990 жылдардың ең үздік альбомдарыClassic Rock, арнайы шығарылым, 1990 жж. Б. 11.: For the Love of Strange Medicine — Steve Perry Crown of Thorns — Crown of Thorns Walk On — U2 Damn Yankees — Damn Yankees Adrenalize — Def Leppard Prisoners of Paradise — Europe Mood Swings — Harem Scarem Trial By Fire — Journey Unruly Child — Unruly Child In the Heart of the Young — Winger

Тән әндері (Classic Rock мәліметі бойынша) Abandon — Affair of the Heart — Rick Springfield Alive And Kickin''' — Mr Big Amanda — Boston Armageddon'' — Prism Back on the Road Again — REO Speedwagon Before the Dawn — April Wine Burning Heart — Survivor Can’t Let You Go — Rainbow (Can’t Live Without Your) Love and Affection — Nelson Don’t Ever Wanna Lose Ya — New England Don’t You Know What Love Is? — Touch Eye Of The Tiger — Survivor Fantasy — Moxy Fire Dance — Gotthard Forever Young — Tyketto Gimme Your Love — Nantucket Goodnight L.A. — Strangeways Heard It Through the Grapevine — FM Heaven — Bryan Adams Hey World — Roadmaster Hold The Line — Toto How Far To Jerusalem — Magnum I Believe in You — Y&T I Got Your Number — Hughes/Thrall I Surrender — Rainbow In These Arms — Bon Jovi Kingdom of Desire — Toto Life’s Just An Illusion — Axe Listen (Can You Feel It) — American Tears Look But Don’t Touch — Skin Love Don’t Lie — House of Lords More Than I Can Say — Alias No Easy Way Out — Robert Tepper Once is Not Enough — Von Groove Only Time Will Tell — Asia Paradise Skies — Max Webster Pickin' Up the Pieces — Glenn Hughes Put on the Show — Zon Reflections — Shy Road of a Thousand Dreams — Run To You — Bryan Adams Shine on Brightly — Starcastle Shoot to Kill — 1994 Sister Christian — Night Ranger Somebody Like You — Trigger Straingt to Your Heart — Bad English Take It Or Leave It — Saga Tell Me That You Love Me — Storm Tempted — Squeeze The King and I — Reggie Knighton Band Too Much Ain’t Enough Love — Jimmy Barnes Wanna Be A Rock 'n' Roll Star — Eddie Money We Built This City — Starship What About Love? — Heart When It’s Love — Van Halen When I See You Smile — Bad English Wild on the Run — Tall Stories Without the Night — Winger Woman — Legs Diamond Working for the Weekend — Loverboy Ask Me Yesterday — Pride of Lions Coin of the Realm — Pride of Lions

Тағы қараңыз Концептуалды альбом

Дереккөздер

АOR Санат:Хабар тарату форматтары