Қызылқорған қаласы — Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 31 км және Құлсары-Мұқыр тас жолының шығысына қарай 3 км жерде орналасқан. 2006 жылы оны археолог М.С.Касенов ашқан.Қорғанша қаласындағы, Жолайшағыл құмтөбелі қабіріндегі археологиялық жұмысының және Атырау облысында жүргізілген археологиялық барлау жұмысының жылғы есебі. - Атырау, 2007. «Ағатай», баспасы. - 2011. - 113 б. - 54-б.
Орналасуы Кординаты: N 47°.11.217. 54°.14.924. Ақкиізтоғай ауылынан солтүстік-шығысқа 15 км қашықтықта орналасқан. Қаланың оңтүстігінде 1,5 км қашықтықта құрғаған өзен арнасы кездеседі, Солтүстік жағында 600 м қашықтықта да құрғақ өзен арнасы бар.
Сипаттама Қалашықтың көлемі 400 х 400 м, қорғанның сыртқы қоршауының биіктігі 2 м, ені 2,7 м., қоршаудың сыртынан ені 10 м, тереңдігі 1 м болатын ормен қоршалған. Қалашық ішінен орталығынан батыстан шығысқа қарай көлемі 100х30 метр, биіктігі 1 метр болатын құрлыс қирандыларының үйіндісі созылып жатыр. Қалашық бетін шөп басқан. Беткі беттен қыш ыдыс сынықтарының қалдықтары жиналды. Қыш ыдыстар қыш ұнтақтардың (шамот), қамыс үлпегінің және кварц құм қосындыларынан жасалған. Бұл сынық қалдықтары өте ұсақ майда қара және қызыл түсті болып келеді. Қалашыққа кіретін қақпаның орны байқалмайды. Биік қамалы мен сыртындағы су толтырылған оры оны берік бекініске айналдырған. Қалашық орта ғасырда өмір сүрген (XV - XVI ғ.).
Дереккөздер
Санат:Қазақстан көне қалалары Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері Санат:Атырау облысы тарихы Санат:Қазақстандағы археология Санат:Атырау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері