Нұрсейіт Жылқышыбай (1990 жылы 20 тамызда туған, Жамбыл облысы Меркі ауданы Кеңес ауылы) — қазақстандық журналист, кәсіпкер, атбегі, YouTube жобаларының авторы. 2019 жылдан бері жүргізіп келе жатқан «Уақыт көрсетеді» сұхбат жобасының авторы. Өмірбаяны 1997 жылы Кеңес ауылындағы № 6 мектепке барған. 2008 жылы Алматы қаласындағы Міржақып Дулатұлы атындағы № 136 мектепті бітірген.

2008–2012 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқыған. Журналистік қызметі 2013–2015 — «Таң» телеарнасының QAZAQNEWS жаңалықтар қызметінің тілшісі; 2016–2017 — «31 арна» телеарнасындағы «Неге?» бағдарламасының журналисі; 2018–2019 — КТК телеарнасындағы «Кел, келінім» бағдарламасының шеф-редакторы; 2019 жылдан — «Уақыт көрсетеді» авторлық YouTube жобасының жүргізушісі.

Сұхбаттарында саясат, қоғам, спорт, мәдениет, кәсіпкерлік және әлеуметтік тақырыптар қозғалады. Журналистің өз сөзінше, 300-ге жуық адамнан сұхбат алған. «Уақыт көрсетеді» «Уақыт көрсетеді» — 2019 жылдан бері шығып келе жатқан авторлық сұхбат жобасы, сондай-ақ Жылқышыбайдың YouTube арнасының атауы. Бағдарлама қонақтары арасында саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, спортшылар, өнер адамдары мен кәсіпкерлер бар. Арнада сұхбаттан бөлек «Ит өмір» және «Құдайы қонақ» әлеуметтік жобалары жарияланады. Назар аударған сұхбаттары Жылқышыбайдың бірқатар сұхбаты Қазақстаннан тыс бұқаралық ақпарат құралдарында қайта жарияланып, талқыланған. Сәлімбай Абдуалиев — өзбекстандық кәсіпкер әрі спорт қайраткерімен сұхбат. Абдуалиев БАҚ-қа сирек сұхбат беретіндіктен, материал Қазақстан мен Өзбекстаннан тыс басылымдардың назарын аударған. Эльвира Сурабалдиева — Жогорку Кеңеш депутатымен сұхбатта Қырғызстандағы саяси жағдай талқыланды; депутат Қамшыбек Ташиевке қатысты мәлімдемелер жасады. Сұхбат Қырғызстан БАҚ-тарында талқыланды. Федор Емельяненко — сұхбатта журналист спортшыдан Ресей мен Украина арасындағы соғыс туралы пікірін сұрады. Бұл сұрақ ресейлік әлеуметтік желілер мен БАҚ-та талқыланып, журналист сынға ұшырады. Өзбекстан боксшылары — Олимпиада чемпиондары Хасанбой Дусматов және Баходир Жалоловпен сұхбат. Заманбек Нұрқаділовтің отбасы — саясаткердің жары Нұрбике Нұрқаділова және Қайрат Нұрқаділовпен сұхбаттар. Спортшылар — Алмас Өтешов, Тұрсынғали Еділов, Болат Жұмаділов, Айсара Керімбекова, қырғызстандық балуан Ақжол Махмұдов; Дағыстанда Абдулманап Нурмагомедовпен сұхбат.

Әлеуметтік жобалары «Ит өмір» — әлеуметтік қиындыққа тап болған, баспанасыз қалған адамдардың тағдырын баяндайтын жоба. Эпизодтарда кейіпкерлерге тұрмыстық көмек көрсетіледі. «Құдайы қонақ» — журналист түрлі өңірлердегі отбасыларға алдын ала шақыртусыз барып, олардың тұрмысы мен өмір жолы туралы әңгімелесетін жоба. Кейбір шығарылымдарда үй иелеріне 200–300 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілген.

Сот ісі 2025 жылғы 4 қазанда «Уақыт көрсетеді» арнасында актриса әрі продюсер Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы Дарханмен сұхбат жарияланды. Бадықова сұхбаттағы мәліметтерді шындыққа сәйкес емес деп тануды, бейнені өшіруді, жария кешірім сұратуды, сондай-ақ 1 млн теңге моральдық зиян, 2,5 млн теңге заң көмегі шығыны және 802 128 теңге сараптама шығынын өндіруді талап етіп, сотқа жүгінді.

Журналистің мүддесін заңгер Инга Иманбай қорғады. Сот талапты қанағаттандырмады; апелляциялық сатыда бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалды.

Қайырымдылық Жылқышыбай жаңа туған балаларына Құнанбай, Кенесары сияқты тарихи тұлғалардың есімін қойған отбасыларға қаржылай сыйлық (кей жағдайда 300–400 мың теңге) берген. Бастаманың мақсаты ретінде ұлттық есімдерді насихаттауды атаған.

Атбегілік Жылқышыбай бәйге аттарын баптаумен айналысады. Тобылғыторы — Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған бәйгеде және «Жайық жүйрігі — 2025» бәйгесінде 1-орын. Желсұлу — «Жолан жүйрігі — 2026» бәйгесінде 1-орын, Ақтамбердінің 350 жылдығына арналған бәйгеде 3-орын, Торғай облысының 90 жылдығына арналған бәйгеде 2-орын. Алтынкөз — «Жайық жүйрігі — 2025» бәйгесінде 2-орын. Байторы.

Жүйріктері жеңіп алған автокөліктерді сыйға тартқан жағдайлары бар.

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:1990 жылы туғандар Санат:Меркі ауданында туғандар Санат:Қазақстан журналистері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері Санат:Қазақстан кәсіпкерлері Санат:YouTube блогерлері