Белгібай Шалабаев (17.4.1911, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Далба ауылы – 1990, Алматы қаласы) – әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы (1969), профессор (1970). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі (1962). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1985).
ҚазПИ-ді (1936, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. «Пионер» (1933–1934, қазіргі «Ұлан») газетінде редактор, ҚазПИ-де (1937–1942; 1944–1949, қазіргі ҚазҰПУ) декан, кафедра меңгерушісі, Қазақстан ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында аға ғылым қызметкер, ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі, доцент, профессор (1949–1987); 1987 жылдан профессор-кеңесші қызметін атқарған.
«История казахской прозы (сюжет и характер)» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Ш. «Қазақ романының тууы мен қалыптасу тарихы» кітабының «Абай прозасы» тарауында ақынның қарасөздеріне талдау жасайды. Ақынның филос. ойлары мен дүниетанымын сөз етіп, қоғамдық, моральдық-этик. және тұрмыстық маңызын ашып көрсетеді. Ап, «Пушкин және Абай» («Казахстанская правда», 1936, 24 желтоқсан), «Пушкиннен нәр алған» («Казахстанская правда», 1945, 15 тамыз), «Орыс әдебиетінің ұлы алыбы - Пушкин Абайдың ұстазы» (ҚазССР ғылым академиясының хабаршысы», 1950, № 8) т. б. мақалаларында Абайдың А.С. Пушкин өлеңдерін тәржімелеудегі шеберлік әдістерін жан-жақты талдайды.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Дереккөздер
Санат:17 сәуірде туғандар Санат:1911 жылы туғандар Санат:Баянауыл ауданында туғандар Санат:1990 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақ әдебиетін зерттеушілер Санат:Қазақстан филологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері