Уахит Хамзаұлы Шалекенов (12.5.1924, Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Бөрлі ауылы - 18.11.2020https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/umer-veteran-voynyi-uchenyiy-uahit-shalekenov-420635/) – тарих ғылымдарының докторы (1967), профессор (1972). Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылым академиясының академигі (1991). Қазақстан Республикасының (1984) және Өзбекстан Республикасының (1984) еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан, отставкадағы полковник. Қарақалпақ мемлекеттік педагогика институтын (1948, қазіргі Нөкіс мемлекеттік университеті) бітірген. Қарақалпақ облыстық партия комитетінде дәріскер (1948–195]), КСРО ғылым академиясының Этнография институтында аспирант (1950–1953), Өзбекстан ғылым академиясының Қарақалпақ бөлімшесінде сектор меңгерушісі (1953–1970), Шымкент мемлекеттік мәдениет институтында кафедра меңгерушісі (1970–1972) болған. 1973 жылдан ҚазҰУ-да декан, кафедра меңгерушісі болды.
700-ден астам ғылыми жарияланым, 30 монография, оқу құралдарының авторы. «Қызыл Жұлдыз», 1- және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім
Дереккөздер
Санат:12 мамырда туғандар Санат:1924 жылы туғандар Санат:Бөкей ордасы ауданында туғандар Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Тарих ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Өзбекстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері