Виссарион Андреевич Шамардин (28.10.1941, Алматы қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1982), профессор (1994).

Алматы мемлекеттік медицина институтын (1964, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылым қызметкер, зертхана меңгерушісі (1964–1987), Орта Азия обаға қарсы ғылыми-зерттеу институтында зертхана меңгерушісі (1987–1992) болған. 1992 жылдан Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде декан қызметін атқарады.

160-тан астам ғылыми жарияланым мен 2 монографияның авторы. 18 өнертабыстың иегері.Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:28 қазанда туғандар Санат:1941 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Қазақстан өнертапқыштары