Қылышты Ата Кесенесі – орта ғасыр ескерткіші. Жаңақорған ауданы орталығынан 30 км жерде, Қыркеңсе елді мекеніне 7 – 8 км жерде орналасқан. Қылышты Ата аруақты адам болған, ХІ – ХІІ ғасырларда өмір сүрген. Бұрынғы кесенесі құлап қалғандықтан ұрпақтары 1992 жылы ақ қыштан өріп, темір қаңылтыр күмбезді кесене тұрғызды. Кесененің ауданы 6 х 6 м, биіктігі 4 м.
Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау
Санат:Тарих